Кинодан да артық

Кинодан да артық
Фото: Brod.kz

20 қараша күні, «Sulpak Cinema» компаниясы ұйымдастыруымен Алматы қаласы "Lumiera Cinema (ЦУМ)" кинотеатрында «Кинодан да артық» («Больше чем кино») фильмінің жабық көрсетілімі өтті.

Режиссері: Асқар Бисембин.

Рөлдерде: Данияр Алшынов, Аружан Жазылбекова, Еркін Губашев, Жания Джуринская, Дәурен Айдарқұлов, Марат Әлібаев, Марат Достаев, Ратбек Байенов, Нағима Ахметова, Газрет Ержанов.

Бұл фильм махаббат пен достық және мансаптың қайсысын таңдау туралы сұраққа дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Ал атауына келер болсақ, Қазақстандағылар кино түсіре алмайды дегендердің керітартпа пікіріне жауап береді, яғни Қазақстанда кино қалай түсірілетінін көрсетеді.

Қазақстандықтар жақсы фильм түсіре алады. Идея да, сценарий де, техника да жоқ емес, бар. Тек алдан шығар кедергілер көп. Оған қаржылай көмек көрсетіп, қолдау білдіретін қалталылар ақшасын жұмсайтын кинодан да басқа жерлері көп екенін жақсы білеміз, алайда бұл фильм осы мәселені юморға сүйене отырып жақсы көрсете білген.

Киноның қалай түсірілетіні барлығына да қызық. Бізге тек дайын өнім ғана ұсынылады. Ал оның ішкі асханасына кіріп, бүге-шүгесіне дейін танысқыңыз келсе, фильмді көріңіз. Комедия жанрындағы фильм арқылы көңіліңізді көтеріп, күліп, демалып кетіңіз.

Бүгін, яғни 23 қарашадан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрында көрсетіледі.

@. @assel_assanova