- Негізгі бет
- Кино
- "Матрица" фильміндегі кодтың...
"Матрица" фильміндегі кодтың құпиясы ашылды
Фото:
vk.com
"Матрица" фильміндегі жасыл кодтардың сыры ашылды. Фильм дизайнері Саймон Уайтли жапон әліпбиіне ұқсайтын жолдарды қайдан алғанын CNET басылымына айтты. Сонымен жасыл "жауын" таңбалар жапон сушиінің рецебі болып шықты. Суретші оны әйелінің аспаздық кітабынан алған екен.
"Мен шындығында, "Матрица" фильмінің кодтары суши рецептісі деп жұртты таңғалдырғанды қызық көремін",– деді Саймон.
Естеріңізге сала кетейік, «Матрица» (The Matrix) фильмі — 1999 жылы жарық көрген америкалық ғылыми-фантастикалық боевик. Картинаны Эндрю және Лоуренс Вачовски түсірген. Фантастикалық фильмдер ішіндегі ең атақты картиналардың бірі саналатын «Матрица» Киану Ривз, Лоуренс Фишборн, Керри-Энн Мосс пен Хьюго Уивинг секілді актерлерге зор танымалдық алып келді.
А. Оралқызы