Сирек генетикалық ауруға шалдыққан бала туралы фильм трейлері шықты

Сирек генетикалық ауруға шалдыққан бала туралы фильм трейлері шықты
Фото: vk.com

Ғаламторда Стивен Чбоскидің  "Сен – ғажапсың" аталатын драмасының трейлері жарық көрді. Фильмдегі басты рөлдерді танымал өнер жұлдыздары Джулия Робертс пен Оуэн Уилсон және 10 жасар актер Джейкоб Трамбле сомдайды.

"Келбетсіз" бала туралы картинаның премьерасы қараша айының 17 жұлдызына жоспарланып отыр. Кейіпкер Август Пулман сирек кездесетін генетикалық ауруға шалдығуы салдарынан 10 жасқа жеткенше 27 пластикалық ота жасатады. Ол мектепке барғанға дейін өз отбасы мүшелерінен өзгелермен тіл қатысып көрмеген. Енді ғана қоғамға аяқ басқалы отырған бала құрдастарының мазағына айналудан қорқады. Бірақ, ол өзін өзгелермен тең ұстауға тырысып бағады. Картина жазушы Р. Дж. Паласио романының желісі бойынша түсірілген.

А. Оралқызы