Кинематография мэтрі Вуди Алленнің жаңа фильмінің трейлері шықты

Кинематография мэтрі Вуди Алленнің жаңа фильмінің трейлері шықты
Фото: vk.com

Вуди Алленнің "Ғажайыптар дөңгелегі" фильмінің трейлері шықты. Ондағы басты рөлдерді Кейт Уинслет, Джуно Темпл мен Джастин Тимберлейк сомдайды.

Фильм сюжеті көрерменді 1950 жылдардағы Нью-Йоркке алып барады. Вуди Аллен аталған фильмнің режиссері әрі продюсері, сондай-ақ, сценарийді де өзі жазған. Картина премьерасы желтоқсан айына жоспарланып отыр.

Вуди Алленнің жаңа картинаны түсіруге дайындалып жатқаны БАҚ өкілдеріне әлдеқашан белгілі болған. Режиссер жылдар бойы қалыптасқан өзіндік дәстүрі бойынша жылына бір ғана фильм түсіреді. Аталған картина киноматография мэтрінің 47-фильмі болмақ, ал танымал актриса Кейт Уинслетпен режиссер алғаш рет бірлесе жұмыс жасады. Сарапшылардың айтуынша, Вуди Алленнің фильміне түскен актрисалардың басқалармен салыстырғанда Оскар жүлдесін алуға мүмкіндігі зор. Бұған дейін онымен жұмыс істеген актрисалар Кейт Бланшет пен Дайан Китон ең даңқты жүлдеге ие болған еді.

А. Оралқызы