Готти кодексі: Мафия туралы тағы бір фильм шықты

 Готти кодексі: Мафия туралы тағы бір фильм шықты
Фото: vk.com

Әлеуметтік желіде италия-америкалық мафияның соңғы өкіл әкесі Джон Готти өміріне арналған фильм трейлері пайда болды. Жасаған қылмыстары үшін жазасын алмай, ұзақ уақыт бойы FBI қолына түспегені үшін «Тефлоннан жасалған дон» аталып кеткен Готти мафиози тарихындағы ең қанышер әрі жауыз қылмыскер ретінде танымал.

«Готти кодексі» Джонның Бронкс пен Гарлемде туып-өскен шағынан бастап өмір жолын сипаттайды. Оның ұсақ-түйек жымқырып жүрген жасөспірім кезінен Гамбино мафиясының басшысы Пол Кастелланоны өлтіріп, билік басына келгені туралы толық көрсетіледі. Дон 1992 жылы өмір бойы абақтыға жабылсын деген шешіммен түрмеге түседі. Оған кезінде өзі біреуге жасаған опасыздықты орынбасары Сальватор Гравано қайталайды. Басты рөлді Джон Траволта сомдайды. Одан басқа фильм түсіріліміне Келли Престон, Стейси Кич пен Меган Леонард жұмылдырылған. 

А. Оралқызы