Тарихта "Оқ-дәрі бүлігі" деген атаумен белгілі оқиға туралы фильм шығады

Тарихта "Оқ-дәрі бүлігі" деген атаумен белгілі оқиға туралы фильм шығады
Фото: GetBg.net

BBC One телеарнасы "Оқ-дәрі" туындысының алғашқы тизерін көрсетті. Аталған картина 3 сериядан тұратын болып шықты.

Сериал 1605 жылы ағылшындар жерінде "Оқ-дәрі бүлігі" деген атаумен белгілі болған тарихи оқиға туралы сыр шертеді. Бүлікші католиктер протестанттарға жақ болған Якова I патшаға қарсы парламент үйін өртеп жібермек болған. Бүлік жүзеге аспады және Парламент құтқарылған күн (4 қарашадан 5 қарашаға қараған түн) сол бүлікті ұйымдастырушылардың ішіндегі ең атақты адамның атымен "Гай Фокс түні" деп аталып кетті.  

Бұл туындыда бүлікті ұйымдастырушы Роберт Кейтсби образын "Тақтар ойыны" сериалының жұлдызы Харингтон сомдаса, Гай Фоксты Том Каллен ("Даунтон Аббаттығы") ойнады. Кинокартина түсіріліміне Лив Тайлер мен Марк Гэтисс сынды танымал жұлдыздар да қатысты. Фильм режиссерлігімен Джей Блэйксон айналысқан.

Сериал премьерасы қашан болары белгісіз.

А. Оралқызы