"Тақтар ойыны" түсірілімі туралы сериал шықты

"Тақтар ойыны" түсірілімі туралы сериал шықты
Фото: vk.com

"Тақтар ойынын" шығарушылар жобаның қалай жүзеге асырылғаны туралы сериал шығарды. Бүкіл әлем тамашалаған туындының соңғы 7-ші сериясы шыққанына көп болмаса да, тұрақты көрермен сағынып үлгерсе керек. Өйткені, оның түсірілімі туралы бірінші серия шығар-шықпастан әлеуметтік желілерде тез таралып кетті. Мини-сериал жалпы саны 7 эпизодтан тұрады. Олардың әрқайсысында "Тақтар ойынының" ең қызықты деген сәттерінің түсірілуі туралы ақпарат беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, сериалдың 7-ші маусымының қорытынды сериясы тамыз айының жиырма жетінші жұлдызында болған еді. Ал келесі маусым тек 2018 жылы ғана шығады.

А. Оралқызы