"Ханшайым мен құрбақа" анимациялық фильмі

"Ханшайым мен құрбақа" анимациялық фильмі
Фото: wikipedia.org

"Disney" студиясының ұзақ уақыт үзілістен кейінгі дәстүрлі әдіспен жасалған бұл анимациялық фильмі 2009 жылы жарыққа шыққан. "Алтын глобус" пен "Оскар" сыйлықтарына қол жеткізе алмаса да, туынды қалың көрерменнің көңілінен шыққанын айта кеткен жөн. Фэнтези, мюзикл, комедия жанрларында жасалған мультфильмге Рон Клементс пен Джон Маскер режиссерлік еткен.

Туындыдағы оқиға қызыққа толы. Мальдонияның ханзадасы Навин вуду сиқыршысымен байланысқа түсемін деп, құрбақаға айналып кетеді. Сиқыршы оған "Қайта адамға айналу үшін ханшайымды сүюің керек!", - деген талап қояды. Осы талапты орындау үшін ханзада бар күшін салып алдынан кезіккен жас ханшайымды өзін сүюге көндіреді. Алайда, ол қыз ханшайым емес, Марди Гра мейрамына орай әдемі киініп алған қарапайым даяшы болып шығады. Қателіктің кесірінен даяшы да бақаға айналып, тағдыр тәлкегімен жолыққан екі жан бұл мәселені шешудің жолын бірге іздейді.

Y. Almabek