"Алиса айнаның арғы бетінде" фильмі

"Алиса айнаның арғы бетінде" фильмі

"Алиса ғажайыптар елінде" шығармасының жалғасы саналатын "Алиса айнаның арғы бетінде" фильмін назарларыңызға ұсынамыз. Голливудтың қазақ тіліне аударылған он бесінші туындысы 2016 жылы шыққан және бүкіләлемдік айналымда 300 миллион долларға жуық қаражат жинаған.

Фильмінің басты кейіпкерлерін ана тілімізге дубляждауға Назерке Серікболова (Алиса Кингсли), Нартай Сауданбекұлы (Уақыт), Дәурен Серғазин (Қалпақшы Таррант Хайтоп), Айнұр Бермұхамбетова (Ирацебета), Сәнді Қаршалова (Мирана), Майра Омар (Хелен Кингсли), Данияр Сванқұлов (Хамиш), Бекболат Құрманғожаев (Вилкинс), Сағаділдә Үсіпбалиев (Заник Хайтоп), Бейбіт Құсанбаев (Мактвисп), Қымбат Тілеуова (Мальямкин), Шах-Мұрат Ордабаев (Тэкири) сынды отандық актерлер қатысты. Ал дубляж режиссері қызметін атқару Айжан Жамшитоваға тапсырылған.

Алиса есімді қыздың ғажайыптар елінде бастан кешкен оқиғаларын баяндайтын фильм шытырманға толы. Өндірушілердің шексіз қиялы кез келген жастағы жанды баурап алатын күшке ие. Сүйсіндіріп қана қоймай, көрерменді терең ойға жетелейтін туынды сіздің де көңілден шығады деген ойдамыз.

Y. Almabek