Сталлоне сомдаған кейіпкер Рэмбо туралы телехикая түсіріледі

Сталлоне сомдаған кейіпкер Рэмбо туралы телехикая түсіріледі
Фото: 24.kz

90-жылдардың атақты кинокейіпкері Рэмбо көгілдір экранға қайта оралатын болды. Бірақ, енді ол телехикаяда қырынан танылады.

Мұнымен қоса, картинада оған жақын бір кейіпкер пайда болады. Бұл оның ұлы Джей Ар болмақ. Телехикаяның сюжеті не туралы болатыны әлі нақты белгісіз.  Ал Рэмбоның ролін бұл жолы кім сомдайтыны құпия сақталуда. Рольді осыған дейін сомдаған 69 жастағы актер Сильвестр Сталлоне телехикаяның атқарушы продюсері болады. Фильмде Вьетнам соғысының ардагері Мексиканың есірткі сатушы қылмыстық тобымен күресуі немесе мутант-құбыжықпен шайқасуы да мүмкін. 

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы