Джонни Депп "қарақшыларды" түсіру барысында жарақаттанды

Джонни Депп "қарақшыларды" түсіру барысында жарақаттанды

Қазір Австралияда әлемге танымал болған "Кариб теңізінің қарақшылары" фильмінің 5-бөлімі түсіріліп жатыр. Басты рөлді сомдаушы Джонни Депп түсірілім барысында жарақат алды.

"Кариб теңізінің қарақшылары-5: Өлілер ертегі айта алмайды" фильмі түсірілімінің барысында жараланған актердің жарақатының қаншалықты ауыр екені белгісіз. Алайда Америкаға дереу жеткізілгеніне қарағанда хирургиялық операция жасалатын болуы керек. Кейбір деректерге қарағанда актер жарақатты түсірілім алаңында алған жоқ. Бұл жағдайдың түсірілім кестесіне қалай әсер ететіні белгісіз.

Фильмнің сюжеті бойынша Джек Воробейге Кариб теңізінің барлық қарақшыларының көзін жоюды жоспарлаған Салазар капитан мен оның елестер тобымен шайқасқа түсуіне тура келеді. Аман қалу үшін Джек байырғы артефакт - Посейдонның үш ашалы айырын табуы керек. Айыр оған теңіздерді билеуге мүмкіндік береді.

Бұл картинада Голшифте Фарахани, Кая Скоделарио, Брентон Туэйтес, Джеффри Раш, Хавьер Бардем сынды актерлер ойнайды. Фильмнің премьерасы 2017 жылдың 7 шілдесіне белгіленген.

Актердің тезірек сауығып, түсірілім алаңына қайта оралуына тілектеспіз!

Сурет: allnewhdwallpapers.com

Оқи отырыңыз:

Джонни Депп бірнеше ажалдан аман қалды

Бұл − әдеттегі ертегі емес

"Қайсар әрі мейірімді бол, жаным"

"Форсаж 7" фильмінің толықтырылған трейлері шықты

Ф. Абилова