"Юпитердің ерлігі" фантастикасы көрерменге жол тартты

"Юпитердің ерлігі" фантастикасы көрерменге жол тартты

«Юпитердің ерлігі/Jupiter Ascending» фильмі АҚШ-та түсірілді. Оған жетекшілік еткендер - Энди Вачовски мен Лана Вачовски.

Фильм фантастика, боевик жанрында түсірілді. Сюжет желісі бойынша Юпитер Джонс жұлдыздар астында дүниеге келді. Юпитер бой жетіп, әр түні түсінде жұлдыздарды көретін болды. Алайда, таңертең оянғанда кәдімгі өміріне қайта оралатын. Ол еден жуып ақша табатын. Өмірде ештеңе қызық болмаған. Бір күні ол Кейн есімді жігітті кездестіреді. Кейн бұрын әскери «аңшы» болған. Ол Жерге Юпитерді тауып, оған тағдырдың жазғанын жеткізуге келген.

Басты рөлдерді Мила Кунис пен Ченнинг Таттум сомдады. Сондай-ақ, Дуглас Бут, Шон Бин, Эдди Редмэйн, Ванесса Кирби, Терри Гиллиам, Джеймс Д’Арси, Таппенс Мидлтон, Пэ Ду На атты актерлер де ойнайды.

Фильм 5 ақпаннан, яғни бүгіннен бастап кинотеатрларда көрсетіле бастады.

Кино 12 жасқа толған азаматтарға арналған.

Сурет, видео: youtube.com

Оқи отырыңыз:

Брэд Питт жұбайының фильмінде басты рөлді сомдайды

Эмма Уотсон – Дисней ханшайымы

"Саған өмірлік қиындықтарды жеңудің сырын ашып берейін бе?"

Бұл жылы қандай комедиялар көрерменге жол тартады?

Ф. Абилова