Трансформерлер қайта шабуылдайды

Трансформерлер қайта шабуылдайды

Фантастикалық сюжетті қамтитын кинокартинаның келесі бөлімі алдыңғыларының жалғасы болып түсірілген. Жаңа жобаны қайта қолға алған фильмнің режиссері Майкл Бэйдің айтуынша актерлердің реті толық өзгертіліпті және роботтар да жаңа кейіпке енген. Голливуд жаңалықтарына сенсек, «Трансформерлер: Шабуылдың кезі келді»( Transformers: Age Of Extinction) фильмі трилогияның бастауы болып келеді.

Бәрімізге белгілі, «Трансформерлер: Айдың қараңғы бөлігі» (Transformers: Dark of the Moon) фильмінде десептикондар мен автоботтар Жерден кеткен болатын. Дегенмен, өнертапқыш Кейд Игер (Марк Уолберг) жерленген трансформерді тауып алады да, барлық роботтың қайтуына себеп болады.

Ескере кетейік, «Трансформерлер: Шабуылдың кезі келді» фильмінің алғашқы көрсетілімі 2014 жылдың 24 маусымында болады.

Тағы да оқи отырыңыз:

"Жерден тыс жаңғырық" кино көрсетілімі жуырда әлемнің кинотеатрларында

Канн кинофестивалі ашылды

Қазақстанға «Годзилла» келді

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.empireonline.com

Ж. Өрісбай