Тіmе-2020: "Жыл адамы" кімдерге бұйырды?

Тіmе-2020:  "Жыл адамы" кімдерге бұйырды?
Фото: time.com

Time журналы табыстайтын "Жыл адамы-2020" сыйлығы АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байден мен вице-президент Камала Харриске бұйырды.

"Джо Байден мен Камала Харрис бірлігіның тарихи маңызы бар", - дейді басылым.

Демократиялық жұп оппоненті Дональд Трамптан, бас инфекционист Энтони Фаучи мен медициналық персонал кандидаттарынан басым түсті.

Time журналының бас редакторы Эдвард Фельсенталь екі саясаткер "осынау қиын-қыстау шақта адамдардың жүрегіне ем тауып, АҚШ-тағы оқиғаларды өзгертті" деп жазды.

Айта кетейік, Time 1927 жылдан бастап "Жыл адамын" жариялап келеді. 2019 жылы Швециялық экобелсенді Грета Тунберг "Жыл адамы" атанды.

Былтыр "Жыл адамы" номинанттарының соңғы тізіміне Тунбергпен бірге АҚШ президенті Дональд Трамп, АҚШ Конгресінің спикері Нэнси Пелоси, Дональд Трампқа импичмент жариялау процесін жүргізген ЦРУ құпия агенті және Гонконгта жаппай көтеріліс ұйымдастырушылар енген еді.

Мектеп оқушысы Грета Трунбергтен кейін Time журналы биыл алғаш рет "Жыл баласы" деген номинация енгізді. 2020 жылы бұл атаққа 15 жастағы өнертапқыш Гитанджали Рао лайық деп танылды. Ол көпшіліктің назарына жасанды интеллект көмегімен кибер-қудалауды анықтайтын мобильді қосымша және бірнеше салада ауыз су табуға көмектесетін құрылғы ойлап тапқанымен танымал болған мектеп оқушысы.

Гитанджали бүкіл әлемдегі мәселелерді шешуге басқаларды шабыттандырғысы келетінін айтады. Ол 5 мың америкалық балалар арасынан 5 финалист таңдалған байқаудың жеңімпазы болды.

Бұдан бөлек 2019 жылдан бастап басылым "Жылдың үздік кәсіпкері", "Жыл спортшысы", "Жыл полицейі" сияқты бағыттар бойынша рейтингтер жариялай бастаған.

Биыл баскетбол жұлдызы Леброн Джеймс "Жылдың үздік спортшысы" атанды.

Т. Раушанұлы