Грета Тунбергті Time журналы “Жыл адамы” деп таныды

Грета Тунбергті Time журналы “Жыл адамы” деп таныды
Фото: mashable.com

 Швециялық экобелсенді Грета Тунбергті АҚШ-тағы Time журналы “Жыл адамы” деп таныды.

“Ол зайырлы ағымның жетекшісі болып, осы жылы ғаламшардың алдында тұрған ең үлкен проблема туралы айта алды”, - деді “Тайм” журналының редакторы Эдвардс Фелзентал NBC Today тілшісіне.

“Жыл адамы” номинанттарының соңғы тізіміне Тунбергпен бірге АҚШ президенті Дональд Трамп, АҚШ Конгресінің спикері Нэнси Пелоси, Дональд Трампқа импичмент жариялау процесін жүргізген ЦРУ құпия агенті және Гонконгта жаппай көтеріліс ұйымдастырушылар енген.

Грета Тунберг – экологиялық проблемалар мен климаттың өзгеруіне қарсы күрескерлердің ең танымалы. 2018 жылы бойжеткен Стокгольм парламенті ғимаратының алдында наразылық білдіру үшін әр жұмадағы сабағына қатыспаған. Бұл әлемдегі мыңдаған жастарды шабыттандырған және Fridays for Future (“Болашақ үшін сарп етілген жұма”) халықаралық ұйымының құрылуына себепші болды. 2019 жылы тамызда бойжеткен Нью-Йорктегі БҰҰ-ның климат саммитіне қатысу үшін Атлант мұхитын желкенді кемемен жүзіп өткен. Саммитте қызу сөйлеген сөзінде ол адамзат экологиялық апат пен жаппай қырып-жоюдың алдында тұрғанын және саясаткерлер тек ақша мен экономикалық өсім туралы ертегіге ғана алаңдайтынын айтқан.

Айта кетейік, Грета “Салауатты өмірді қолдағаны үшін” берілетін сыйлық иегерлерінің бірі болғанын жазған едік. Бұл сыйлықты кейде “Нобель” сыйлығының баламасы деп те атайды. Марапаттау рәсімі 4 желтоқсанда Стокгольмде өтті.

Т. Раушанұлы