«Жетінші арна» 16:9 форматында эфирге шыға бастады

«Жетінші арна» 16:9 форматында эфирге шыға бастады
Фото: Жетінші арна

Бүгінгі күннен бастап «Жетінші арна» 10-жылдық мерейтойы қарсаңында 16: 9 форматта трансляцияға ауысты.

Енді «Жетінші арна» көрермендері өзінің сүйікті бағдарламалары мен телешоуларын толық көлемде, суретті бұрмаламай қарап отыра алады. Кең экранды теледидарларда жақтаудың созылуына байланысты сүйікті әртістеріңіз «артық салмақ қосқандай» көрінбейді. 16: 9 - соңғы үлгідегі теледидарлар экранының пропорцияларына сәйкес келетін қазіргі заманғы кескін форматы. Бұл пішімдегі сурет қазіргі заманғы теледидардың экран кескінін «қара жолақтарсыз» толықтай толтырып көрсетіледі. Бүгінгі күні 16: 9 пішімі теледидарлар үшін жаһандық индустриялық стандарт және әлемнің көптеген елдерінде бұл пішім сандық арналар үшін стандарт болып табылады. Өзінің 10 жылдығына орай 16: 9 кең форматқа көшуімен қатар «Жетінші арна» өз логотипін өзгертті және жаңа арна дизайнында эфирге шыға бастады.

Алия Бабаева, ТОО «Телекомпания «ЭРА» бас директоры:
Өзінің жаңа онжылдығына «Жетінші арна» модификацияланған логотипімен және сәйкесінше өзгертілген арна айдентикасымен келді. Жаңа логотипіміз көлемді, жарқын және бай түстерге ие болды. Біз әрқашан жаңалық енгізуші арна болғанбыз - эксперимент жасаудан және заманмен қатар жүруден қорықпайтын, бұған растау - жаңа. Айдентикамыздың жанданған және қаныққан формалары - телевизиялық үрдістің, әрі осы заманғы телеарналардың трендіне сәйкес. Шыққан нәтиже қатты ұнады. Сонымен қатар, жаңартылған 16: 9 пішім көрермендерге біздің барлық жобаларымыздың киноларды мықты сапада көруге мүмкіндік береді, өйткені «Жетінші Арна» енді фильмдегідей көрсетеді! Және атап өткім келетіні, арна мұрағаттылығын жоғалтпады. Жаңа логотип «Бірге болайық» ұранымызды айқындай түсті. Арна жақсы көңіл-күйге, жарқын түстерге және көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға бағытталған. Өз жұмысының 10 жылдығында логотипті өзгерту өте символды болып келеді, бұл біз үшін маңызды оқиға! Біз жаңа онжылдыққа бас сұқтық! Жаңа стильмен! Және жаңа мақсаттармен!»

жарнама материал

Т. Есқали