Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Онлайн-олжа: Gnod сервисі

Онлайн-олжа: Gnod сервисі

Онлайн-олжа: Gnod сервисі

Бүгінгі онлайн-олжамыз – Марек Гибнидің жасанды интеллектіге негізделген Gnod атты жобасы.

Gnod – адамдардың талғамына қарай бейімделгіш, әмбебап сервис. Ол кино, музыка, көркемөнер және әдебиет салалары бойынша ауқымды деректерді қамтиды және жасанды интеллект арқылы әншілердің бағытын, суретшілердің стилін, режиссерлердің қолтаңбасын, жазушылардың жанрын топтастырып, сізге сай келеді-ау деген авторларды ұсына алады.

Нұсқалар мейлінше дәл болуы үшін, қолданушы өзіне ұнайтын үш музыкантты, фильмді (режиссерді), жазушыны, суретшіні жазады. Жасанды интеллект үш нұсқаны қорытып, қолданушыға ұнауы мүмкін авторлар мен туындыларды ұсынады.

Gnod карта арқылы да қолданушы талғамының шеңберін көрсете алады. Music-Map, Movie-Map, Literature-Map бағандарын таңдап (Art-Map жоқ, тек Discover), өз сүйікті авторыңызды көрсетесіз, әрі қарай соған ұқсас бірнеше автор қаумалай шыға келеді. 

Gnod Music Discover 1. Қолданушының нұсқалары

Gnod Music Discover 2. Жасанды интеллект ұсынған нұсқалар

Gnod кей автордың Spotify сервисіне жүктелген әнін де қоса береді. Discover бөлімінде Gnod тек 11 музыкантты ғана ұсынады. Ал Music-Map бөлімі біршама ауқымды. Мысалы әнші Батырхан Шүкеновті (Batyr) енгізіп көрейік.

Gnod Батырхан Шүкенов әндерінің жанрына ортақ орындаушыларды, бір тілде ән айтатын әншілерді, әндерінде саксофон қолданатын музыканттарды бір жерге жинады. 

Қазақстандық "ғарышкер" Ғалымжан Молданазарды енгізсек, синти-поп, альтернатив рок, инди-рок жанрындағы орындаушылар шыға келетіні белгілі.

Көркемөнер, кино және әдебиет бөлімдерінде де авторлар ұқсастық, жанр, тіл алгоритмдерімен анықталады.

Gnod Art бөлімі

Gnod Movie-Map бөлімі

 Gnod Books бөлімі

Әдетте жасанды интеллект ұсынған нұсқалардың көбі қолданушыға таныс болып жатады, бірақ бұған дейін естіп көрмеген тың авторларды да кездестіретініңіз сөзсіз. Ендеше өзіңіз үшін жаңа музыкант, суретші, фильм, жазушымен таныс боламын десеңіз, мына сілтемеге өтіңіз.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: massaget.kz, gnod.com
Қосылған күні: 16 қараша 2018, 08:46

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.