Қазақстандағы ең мықты 10 суретші

Қазақстандағы ең мықты 10 суретші
Фото: yvision.kz

Қазақ сурет өнері дамыған және дамушы саланың бірі. Оның ұшар басында әйгілі кескіндемеші, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы Әбілхан Қастеев тұрады. Ал одан бері қандай өзгерістер болды? ХХІ ғасырдағы қазақ суретшілері кім? Ендеше солардың ондығымен таныс болыңыз.

1. Ақжан Абдалиева

Қазақтың талантты суретші қыздарының бірі. Сурет өнері саласында докторлық дәрежесі бар. Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. Оның жұмыстары АҚШ, Швейцария, Германия және Қазақстан көрмелерінен орын алған. 

2. Ақмарал Абулқайыр

Әйел затының табиғатын ашып қана қоймай, суреттерімен елге танымал болып үлгерген Ақмарал Абулқайырдың да көрмелері жиі өтіп тұрады. Қазақстандық суретшінің туындыларының дені әйел затын қорғау, олардың сұлулығы, табиғилығы туралы.


3. Бубэ Нелли Витальевна

Қарағанды қаласының тумасы Бубэ Нелли суреттері қазақ даласындағы көшпенді халық өмірінен сыр шертеді. Халықаралық көрмелерде өзінің ерекше картиналарымен көзге түскен. Н.В.Гоголь атындағы суретшілер училищесінің түлегі. 

4. Максим Ведерников

Бала күнінен суретке әуес болған Максим Ведерниковтің аты елімізде ғана емес, алыс-жақын шет елге де таныс. Ол да Н.В.Гоголь атындағы суретшілер училищесінің түлегі. Картинкалары қазірдің өзінде белгілі коллекция жинаушы адамдардың қолында тұр. Суреттерінің дені Алматы қаласын ерекшелеуге арналған.

5. Динара Дүкенбаева

Динара Дүкенбаева еліміздегі ерекше жанрда сурет салатын суретші қыздардың бірі. Оның суреттері әзілге және терең мағынаға толы. Ең қызығы суретшінің мамандығы мүлде басқа. Музыка саласының маманы ретінде де танылған. 

6. Вячеслав Люй-ко

Абай атындағы Педагогикалық институттың графикалық-сурет мамандығы бойынша білім алған. Суреттері АҚШ, Ресей, Канада, Түркия елдерінің көрмелерінде топ жарған. 

7. Лиза Рэй

Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Лиза Рэй суреттерінен өзгеше жанрды көруге болады. Алматы қаласында тұрып жатқан қазақстандық суретші қыздың картиналары Ресей, АҚШ және Еуропа елдерінде өте қымбатқа бағаланады. 

8. Фридлин Евгений

Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар қаласының тумасы. Павлодар суретшілер колледжін бітірген. 2010 жылдан бастап Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. 

9. Харченко Юрий Григорьевич

Абай атындағы институттың 1993 жылғы түлегі. Сурет өнері саласында біраз жылдар бойына ұстаздық қызмет атқарған Харченко Юрийдің картиналары Канада, АҚШ, Германия елдерінде танымал. 

10. Ирина Зиновьевна Ярема

Украина елінің тумасы. 30 жылдан астам уақыт Өзбекстанда сурет саласында қызмет атқарған қарт суретші қазір Қазақстанда тұрады. КСРО Суретшілер Одағының мүшесі.

М. Ақан