Moldanazar - Esimde Bari

Ғалымжан Молданазардың кезекті шедеврге бергісіз "Esimde Bari" әніне түсірілген клип 18 тамызда жарыққа шықты. Бұл – Moldanazar тоының СGI форматындағы ең алғашқы клипі. (СGI – толығымен компьютерлік графикада жасалатын формат). Таптаурын болып қалған тақырыптағы бірізді клиптер шеңберінен шығып, жаңа форматта түсіруге клип режиссері Бекентай Әжібеков себеп болыпты. 

"Барлығы ермектен басталды. Мен компьютер графикасымен айналысып жүргеніктен ерекше шабытпен Esimde Bari әніне түрлі видеотізбектер жасай бастадым. Менің бұл ермегім "жай күлкі" үшін жасалғандай көрінді. Содан оны Ғалымға "бір күліп ал" деп жібердім. Содан ол "Бұл дым да күлкілі емес, бұл – шынымен керемет дүние" деп баға берді. Осылайша клип жасауға кірісіп кеттік. Оның сценарийін Санжар Ғалымжанов жазып шықты. 4 айдан кейін осындай бірегей клип дүниеге келді", – дейді Бекентай Әжібеков.

Эксперимент жасаудан жалықпайтын Ғалымжан Молданазардың тың клипін назарыңызға ұсынамыз.