"Жаңа заманның жаңғырған мектебі" атты журналистік байқау өтеді

"Жаңа заманның жаңғырған мектебі" атты журналистік байқау өтеді
Фото: ignm.ru

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы "Жаңа заманның жаңғырған мектебі" атты республикалық журналистік байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты

Байқаудың мақсаты – қазақстандық жиырма бірінші ғасыр мектебіне ақпараттық қолдау көрсету:  отандық және халықаралық үздік тәжірибелерді үйлестірген инновациялық мектептер құру, білікті мұғалімдер мен ұжымдардың кәсіби жетістіктерін еліміздің орта білім беру жүйесіне енгізу, қазақстандық мектептерді жаһандық білім кеңістігіне енгізу.

Байқауға 2017 жылғы 1 маусым және 2018 жылғы 1 маусым аралығында қазақстандық және шетелдік БАҚ-та жарияланған талдамалық материалдар қабылданады.

Қазылар алқасы

• Александр Тараков – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры;

• Бауыржан Омаров – Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары;

• Сабит Малдыбаев – «Казахстанская правда» республикалық газеті бас редакторының орынбасары;

• Айдос Турысбек – «Хабар» агенттігінің бас продюсері;

• Мира Алипинова – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының баспасөз қызметінің жетекшісі.

Байқау қатысушылары

Байқауға өңірлік, республикалық және шетелдік газеттер, сайттар, порталдар, радиокомпаниялар, телеканалдар мен ақпараттық агенттіктердің тілшілері, журналист-фрилансерлер қатыса алады.

Байқауды өткізу мерзімі

Бірінші кезең – материалдарды қабылдау  (2018 жылғы 21 мамыр – 15 маусым)

Екінші кезең – қорытындылау (2018 жылғы 15 – 20 маусым)

Үшінші кезең – жеңімпаздарды марапаттау (2018 жылғы 20 – 28 маусым)

Жеңімпаздарды марапаттау

Байқау қорытындысы бойынша он жеңімпаз бен бес лауреаттың есімі аталады. Барлық жеңімпаздар мен лауреаттар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және кәдесыйлармен марапатталады.

Байқауды өткізу тәртібі

Байқауға әртүрлі жанрдағы материалдар – мақалалар, очерктер, сұхбаттар, талдамалық материалдар қабылданады (баспа материалдың көлемі 12 000 таңбадан аспауы тиіс).

Материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Материалдар өңірлік, республикалық немесе халықаралық БАҚ-та жарияланған немесе эфирге шыққан болуы тиіс. Баспа материалдардың авторлары мақалалардың түпнұсқасын және скрин-шотын (жарық көрген күні, мақала атауымен бірге), Интернет жарияланымдардың – скрин-шотын және сілтемесін, радио және теле материалдарын – электрондық тасымалдағышта скрин-шотымен және сілтемесімен (БАҚ атауы, эфирге шыққан күні) жолдауы тиіс.

Байқауға берілген материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

Материалдар 2018 жылғы 15 маусымға дейін қабылданады.

Байқау материалдары төмендегі мекенжай бойынша қабылданады: 010000, г. Астана, 31 көше, 37а, офис 316, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының орталық аппараты, Корпоративтік коммуникациялар департаменті («байқауға» деген анықтаумен) немесе eleuova_a@nis.edu.kz электрондық поштасына жіберілуі тиіс.
Қосымша мәлімет алу үшін төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының орталық аппараты, 8 (7172) 23 57 00 (ішкі 1117), 8 702 840 78 82, eleuova_a@nis.edu.kz, Альбина Елеуова

Т. Раушанұлы