"Әлемнің 100 ең әдемі адамы" рейтингі жарияланды

"Әлемнің 100 ең әдемі адамы" рейтингі жарияланды
Фото: twitter.com

TC Candler ойын-сауық сайты ұйымдастыратын жыл сайынғы "Әлемнің 100 ең көрікті адамының" (100 Most Beautiful Faces және 100 Most Handsome Faces) рейтингі жарияланды. Рейтинг жыл сайын тәуелсіз сыншылардың пікірлері негізінде жасалады. 

Рейтинг видеосы TC Candler ойын-сауық сайтының YouTube арнасына шықты. TC Candler сайты 1990 жылдан бастап әлемдегі жылдың ең әдемі адамдарының рейтингін жариялайды. Кішкентай жоба  ретінде басталған бұл жоба кейіннен ғаламтор желісінде кеңінен таралып, үлкен танымалдыққа ие болды. 

2017 жылғы ең әдемі әйел деп  сәнбике, актриса және әнші Лиза Соберано танылды. Екінші орынды оның әріптесі Тилан Блондо, үшінші орынды әнші әрі биші Цуй (Chow Tsu-yu) алды.

"100 ең әдемі әйел" видеосы: 

Алғашқы бестікте актриса Сара Годон, оның әріптесі Голшифт Фарахани және модель Джордан Данн бар. 

Ерлер тізімінде оңтүстіккореялық әнші әрі биші Ким Тхэ Хен көш бастады. Одан кейін Джейсон Момоа және Арми Хаммер, үздік бестікті актер Идрис Эльба мен Марьяно Ди Вайо қорытындылады. 

"100 ең әдемі ер" видеосы: 

Айта кетейік, қазақтың мақтанышына айналған талантты әнші Димаш Құдайберген бұл тізімде 76-орыннан көрінді. 

Ж. Жұмағұлов