Time: Жыл адамы-2017

Time: Жыл адамы-2017
Фото: vk.com

100 жылдан астам тарихы бар аса беделді Time журналы "Жыл адамы-2017" атануға лайық кейіпкерді анықтады. Бұл жолы атақ тек бір адамға емес, бірнеше әйелден жинақталған образға берілді. Осы біріккен образды журнал редакциясы "The Silence Breakers" ("Үнсіздік бұзушылар") деп атады.

"The Silence Breakers" — бұл шоу-бизнес пен медиада әйелдерге қатысты жасалатын зорлық-зомбылық пен әділетсіздікті еш бүкпесіз жария еткен  танымал адамдар. Осы оқиғаның түркі болуымен әлеуметтік желілерде #MeToo флешмобы орын алды. Мүмкіндікті пайдаланып көптеген Голливуд әртістері өз өмірінде орын алған әділетсіздіктермен бөлісті.

Time журналының мұқабасында осындай 5 әйелдің суреті бейнеленген. Олардың қатарында танымал Голливуд актрисасы Эшли Джадд пен әнші-орындаушы Тейлор Свифт те бар. Кейіпкерлердің бірі мұқабада өз түр-әлпетін көрсетуге қорыққандықтан, суретке жартылай түсуді жөн көрген. 

А. Оралқызы