Трампты осы жерге алып келесіздер ме?

Трампты осы жерге алып келесіздер ме?
Фото: vk.com

Голливудтың атақты актері Джонни Депп жаңа фильмнің перезентациясы кезінде пресс-конференцияға жиылған қауымға қарап: "Трампты осы жерге алып келесіздер ме?" – деді жымиып. Бұл сөзіне таңқалған халықтың шуы мен шапалағынан кейін: "Соңғы рет қашан актер президентті өлтіріп еді?" – деп қалжыңының тұздығын қоя салды.

Депп бұл сөзі арқылы АҚШ-тың экс-президенті Авраам Линкольнның 1865 жылы Форд театрында актер қолынан қаза тапқан оқиғасын меңзегені анық. Линкольнге қарсы оқ атқан Джон Уилкс Бут болатын. 

Тұздығы тым ащы қалжыңын айқанынан бір күннен соң, танымал People журналында Джоннимен болған сұхбат жарияланды. Онда: "Мен кеше кеште президент Трамп туралы айтқан дәмсіз әзілім үшін кешірім сұраймын. Мен бар болғаны адамдардың көңілін көтергім келді. Ешкімнің қытығына тиейін деген ой болмады ,"- делінген.

А. Оралқызы