Вильям Кастеллананың таңғажайып туындылары

Вильям Кастеллананың таңғажайып туындылары
Фото: kulturologia.ru

Сурет – салынумен ғана шектелмейді. Әдемі көріністерді обьективтің ішіне сыйғызып, тамаша туындыларды түсіре білетін адамдар да талантты жандардың қатарына жатады. Жарықты ыңғайлы таңдап, көріністің қандай межеден керемет шығатынын білу – жай ғана сурет түсіруден басқа құбылыс. Қазіргі таңда барлық адам фотоға түсірумен әуестенсе, кәсіпқой фотошеберлердің ой өрісі одан да жоғары деңгейде дамып кеткен. Жаңа технология мен ұзақ жылдар бойы жинаған тәжірибиесін қосқан мамандар жаныңызға рахат сыйлап қана қоймай, таңғажайып дүниелерді өмірге алып келді. Соның бірі – Вильям Кастеллана. Өзінің керемет суреттерімен әлемнің біршама еліне таныс болған фотограф тың идеялармен қоса ерекше дүниелерді жасауға құмар. Бүгін монохром арқылы түсірген ең үздік суреттерін топтастырып назарларыңызға ұсынбақпыз. 

Көлеңке мен аттың мүсінін керемет үйлестіріп, фотоға түсірген. 

Гүлді қалай суретке түсірсеңіз де құлпырып шығатыны рас. Ал, мынандай монохромды гүл әдемілігімен бірге ерекшелігімен көпшіліктің назарына ілігеді.

Ильич шамының жарығы күнделікті байқап жүргеніңізден тым басқа.

Мына картинада керемет дүние шығарарда қандай заттарды пайдаланған деп ойлайсыз?

Пістенің басы монохроммен түсіргенде қорқынышты затты бейнелейді.

B. ZHAQSYMBET