Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Жас фотограф Серік Өтегенұлы: "Бәрі де хоббиден басталды"

Жас фотограф Серік Өтегенұлы: "Бәрі де хоббиден басталды"

Жас фотограф Серік Өтегенұлы:

Журналист деген статусты ала салып, әрлі-берлі шапқылай беріппіз. Сол өткен 2-3 жылдың өзінде (асып-таспай айтсақ А.Қ.) бұл мамандықтың қыры мен сырын танып келдік. Машақаттанып жаза беру бір басқа да, оқырманға жеткізу әдістері мен формалары бір басқа әңгіме. Анығын айтсақ, фототілшілердің өнері өте бір қызық әрі қиын жол.

Мұның ішінде жас фотограф Серік Өтегенұлының шығармашылығы мен жеке біліктілігін айтып өтуге болатын шығар. Серік қазірде «Ашық алаң» газетінің фототілшісі қызметінде. Бір ғана сәтке – өмірдің өзін сыйғыза салатын маман иегерлері әрқашан да қоғамды бейнелеген. Қалтарыс-бұлтарысын айнытпай ой арқалататын өнер иесінің өз өмірі мен шығармашылығын алдарыңызға өзі ұсынсын. Сұхбат – көпшілігіңізге қызық болады деген ойдамыз.

«Суретке түсірер алдында да, түсірген соң да ойлану керек,

ал түсіріп жатқан сәтте болмайды»

Анри Картье-Брессон

– Серік, фотографияны таңдаудағы мақсатыңыз не? Әлде бұл бала кезден бергі арманыңыз ба еді?  

Фотография арманым да, мақсатым та болған емес. Студент кезімде қызығушылықпен өзіме кәсіби фотоаппарат сатып алдым. Барлығы осыдан басталды. Көшеде, сабақта, жүрген жерлерімде қызықты жайттарды, кейде Республика сарайында, Жазушылар одағында өтіп жатқан іс-шараларға өз бетімше барып, суретке түсіріп жүретінмін. Сондай жерлерде қолына фотоаппарат ұстаған газеттердің фототілшілерін (қазіргі әріптестерімді) көріп тұратынмын. Осындай іс-шаралардың бірінде Асылхан Әбдірайымұлы ағамызды көрдім. Ол кісіні «Жас алаш» газетіндегі «Асылханның фотосы» деген атпен және «Фотоөнер» бетінен танитынмын. Сол жерде ағамен амандасып, фотоға қызығатынымды және фото түсіруді үйренгім келетінін айттым. Асылхан аға мені сол күннің ертесіне жұмысына шақырды. Сосын білгенін айтып қолында барын беріп көмектесіп жүрді. Міне сол кезден бастап ол кісі маған фотографиядағы және өмірдегі де ұстазым болып келеді.

Фотографияға деген қызығушылығым мені фотожурналистикаға алып келді. Фотожурналистикадағы алғашқы қадамым 2009 жылы «Жас қазақ» газетінен басталды.

"Аламан бәйге"

– Қазір елімізде бұл сала қаншалықты керек? Деңгейі қандай және қаншалықты жұмыстар жасалып жатыр?

–  Қазіргі таңда бұл саласыз өмірді елестетудің өзі қиын. Салт-дәстүрді, туризмді насихаттауда, жарнамада және қазіргі кезде кең таралып келе жатқан фотосаяхат саласында оның алатын орны ерекше. Сондай-ақ, еліміздің тарихында фотошежіренің маңызы өте зор.

Деңгейіне келсек, Еуропа елдерімен, Қытай, Ресей, тіпті Өзбекстан Республикасымен және т.б. мемлекеттермен салыстырғанда, анағұрлым төмен тұр. Бізде жекелеген кәсіби, тәжірибелі фотографтар бар болғанымен, республикалық деңгейде жұмыс жүргізетін, насихаттайтын ұйымдар жоқ. Бүкіл республика бойынша бірде-бір жоғарғы оқу орнында фотосуретші немесе фототілші мамандығын дайындайтын кафедра жоқ. Тек санаулы ғана оқу орындарында фотожурналистика пәнінен дәріс беріледі. Осының өзі еліміздегі фотографияның қаншалықты деңгейде екенінін байқатады.

Осы ретте 2010 жылы Асылхан Әбдірайымұлының бастамасымен, баспасөзде жұмыс істейтін фототілшілер бірігіп «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігін құрған едік. Бірлестіктің басты мақсаты еліміздегі фотографияның деңгейін көтеру, жастарды осы салаға дайындау.

Кәсіпқой бокстан Азия чемпионы Мейіржан Жақсылықов

Құрылғаннан бастап бірлестік фототілшілердің басын қосып, оларды ел мүддесі үшін жұмыс істеуге шақыруда. Бұл ретте 30-дан аса фотосуретшінің басын қосқан «Тәуелсіздік тағылымы», ардагер фототілші ағамызды еске алуға арналған «Қайрат Мұстафин – 80» атты фотокөрмелер мен еліміздің табиғатын, салт-дәстүрін дәріптеу мақсатында «Қызғалдақтың отаны – Қазақстан», «Шәлкөде – елдің жайлауы» атты фотосеминар әрі тәжірибе алмасу фототүсірілімдері өтті.

«Шәлкөде елдің жайлауы» жобасында еліміздің әр аймағынан, Алматы мен Астанадан және Моңғолия мен ҚХР-дан кәсіпқой фотосуретшілер келіп, үш күн жайлауда жатып, әрі сол өңірдің тыныс-тіршілігі мен табиғатын фотоға түсіріп, бір-бірімен тәжірибе алмасып қайтты. Алдағы уақытта осы түсірілімнің фотокөрмесін өткізу ойда бар.

"Қызғалдақтың отаны - Қазақстан"

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетінде Асылхан Әбдірайымұлы фотожурналистика пәнінен студенттерге дәріс береді. Жақында осы факультетте баспасөзде істейтін фототілшілер мен студенттердің кездесуі өтті.

Бұдан бөлек, ардагер фототілшілеріміздің осыдан 60-70 жыл бұрын түсірген еңбектерін жинақтап, баспадан фотоальбом шығару жоспарлануда. Бұл альбомда еліміздің әр салада қызмет еткен ғалымдарының, өнер иелерінің, спортшыларының және т.б. көптеген ұлы тұлғалардың суреттері жинақталған.

"Арғымақ"

"Ғашықтар"

Портрет

Сондай-ақ, ҚХР-да фотография саласынан профессор атағы бар Түсіпбек Сләмқұлұлының «Фото өнерінің 100 сұрағы, 100 жауабы» атты кітабы төте жазудан аударылып жатыр. Алла қаласа, көп ұзамай фотосүйер қауымның қолына тиеді деп ойлаймыз.

Азды-көпті атқарылып жатқан осындай жұмыстар уақыты келгенде өз жемісін беріп, елімізде өзге өркениетті елдердегідей Фотосуретшілер одағы құрылып, ел мүддесі үшін жұмыс істейді деген сенімім мол. Бұл орайда қолымыздан келгенше өз үлесімізді қосуға тырысамыз.

Бақанаста өткен Д.Қонаевтың тойынан көрініс

Фототүсірілім кезінде шабыт қалай келеді? Әуесқойлық пен кәсібиліктің арасында қандай айырмашылық бар?

–  Бір сәттік кадрды түсіру үшін ерінбей, оның бірнеше нұсқасын түсіріп көру керек. Фотосуретшілер де өзге шығармашылық адамдары секілді еңбегінің сәтті шығуынан ләззат алады және сол ләззат оларды алдағы уақытта да іздене түсуге жетелейді. Нағыз фотограф үшін сәтті жасалған бір кадрдың өзі үлкен жетістік және біраз күнге «азық». Аз да болса саз шыққан кадрдан көңіл-күйің көтеріліп, шабыттанып кетесің. Ал егер сол дүниең баспасөз беттеріне жарияланғанда немесе фотокөрмеден орын алып, көпшіліктен мақтау естісең, тағы бір марқайып қалатының рас. Еңбегіңнің осылайша еленуі келесі шығармаларыңның сапалы бола түсуіне көп ықпал етеді.  

Ал әуесқойлық пен кәсібиліктің айырмасына келсек, кәсіпқойлар – өмірін фотоға арнаған жандар. Олар фотография деген үлкен саланың ішінен фотожурналистика, спорт, табиғат, шоу-бизнес, кала, түнгі көрініс және т.б. түрлі бағыттарды таңдап алады және сол бағытта ізденеді.

"Шалкөде жайлауы"

Ал әуесқойлар фотоға күннің батқаны мен таңның атқанын жалықпай күтетін кәсіпқойлар сияқты ден қоймауы мүмкін. Олар өздері немесе өзгенің түсірген суретінен ләззәт алушылар. Көпшілігі жүрген жерлерінен естеліктер қалдыру үшін де фотоға қызығады. Дегенмен әуесқойлар да елдегі фотоөнердің дамуына бей-жай қарамауы мүмкін. Оның үстіне бүгінде фотоға қызығушылар саны күннен-күнге артып келеді.

"Егіз-лебіз"

– Суретке түсіру өнер ме, әлде хобби ме?

Өнер деп те, хобби деп те айтуға болады. Меніңше, хоббиге қанағаттанбаған адамдар өнерге бет бұрады. Өйткені фотоны өнер ретінде алып жүру оңай шаруа емес. Басқа салалар секілді бұған да көңіл бөліп, іздену керек.

– Фототілші болудың қыр-сыры мен қызығын айтып берсеңіз?  

Меніңше, өз саласына жан-дүниесімен берілген маман үшін сол саладан қызықты ешнәрсе жоқ. Күнделікті оқиғаларды, қоғамның тыныс-тіршілігін, қала мен ауылдың, табиғаттың әсем көріністерін тарихқа дәл сол қалпында қалдыратын фототілшілер өз мамандығын мақтан тұтады деп ойлаймын.

Бұл сала үнемі қозғалысты талап етеді. Күнде жаңа бір тақырыпты түсіргің келіп тұрады. Жұмыстан тыс уақыттарда кейде түнгі қаланы, кейде жауыннан кейінгі керемет көріністі түсіріп, демалыс күндері табиғат аясында әрі демалып, әрі фотоға лайықты кадр іздеп жүресің. Осының өзі үздіксіз шығармашылық, тынымсыз ізденіс, ләззат сыйлайтын жұмыс.

Әңгімелескен: Ардақ Құлтай

Сурет: Серік Өтегенұлының жеке мұрағатынан

3174 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 06 қараша 2012, 16:08
Пікірлер
+0
06 қараша 2012, 12:25

Қызықты сұхбат шығыпты, жалықпай оқи бересің, рахат ))) Меніңше суретке түсіру де талантты қажет етеді. Сырттай оңай көрінгенімен, екінің бірінің қолынан келе бермейді. Серік ағамыздың суреттері жақсы екен, әсіресе, "Арғымақ" пен "Ғашықтар" ұнады. Сәттілік!

+0
06 қараша 2012, 12:29

Ал маған Шалкөде жайлауы картинасы ұнады. Дәл осында болсам, шіркін, Мұқаңмен сыр шертіскен сылдыр бұлақтың құлағында су ішіп, әй бір тынығатын ем-ай...

+0
06 қараша 2012, 13:08

Ал маған егіз-лебіз ұнайды. суретке түсіру үшін жүректің тазалығы керек сияқты. Жақсы материал шығыпты. Мұндай мақалаларды жүрекпен оқығым келіп кетеді :)

+0
06 қараша 2012, 13:16

интернетке салсыншы суреттерін, керек кезде қазақы суреттерді мүлде таба алмай қаламыз ;)

+0
06 қараша 2012, 13:31

Серік, суреттеріңнің өте сапалы екені көрініп тұр. Сонымен қатар өте мағыналы, әр суреттен бір ой түюге болады. :)

+0
06 қараша 2012, 14:00

Керемет екен суреттері

+0
06 қараша 2012, 14:07

"Меніңше, өз саласына жан-дүниесімен берілген маман үшін сол саладан қызықты ешнәрсе жоқ." Әр адамның жүрегі осылай соқса ғой...

+0
06 қараша 2012, 14:47

Суреттері тамаша. Фотоаппаратты серік еткенмен, фотоөнерді екінің бірі алып кете алмайды.

+0
06 қараша 2012, 15:43

әдемі сұқбат. Серік Өтегенұлының әрбір жауабынан, сөзінің мағыналылығынан өз мамандығын құлай сүйетін жан екенін анық байқайсың. суреттерінің барлығы табиғи, шынайы, әдемі және мағыналы екен. Жас маманға шығармашылық табыстар тілеймін! Жарайсыз :)

+0
06 қараша 2012, 16:42

Керемет суреттер. Бұл өнердың қазақ көзімен, өз биігімізде дамығанын қатты армандаймын. Өзім де есім кете ғашық болып жүрмін осы өнерге.

+0
06 қараша 2012, 16:43

Мына суреттер көп кішірейтілген болу керек. Түпнұсқа болса тіптен жарап кетер еді.

+0
07 қараша 2012, 09:51

Иә, Мәке, түпнұсқалары да бар менде. тек әттең, бұларды сала алмаймын ғой...

+0
06 қараша 2012, 17:30

Берген жауаптарың кәсіби екені көрініп тұр, сүреттерің тамаша аламан керемет болған нағыз қазақи нақышты көрсетеді.Алдағы жұмыстарыңа сәттілік тілеймін кейінгі жастарды тартатын кадрларың көп болсын

+0
06 қараша 2012, 18:00

:Жарайсың Секонтай! Сенімен мақтанбағанда кіммен мақтанамын?! Әпкесі - Үміт Өтегенқызы

+0
06 қараша 2012, 18:59

Jaraisyn Baurym! Tek kana alga!!!

+0
06 қараша 2012, 19:01

Осы Серіктердің шақыруымен сонау Монголядан "Шалкөде жайлауына" жеттім.Сурет түсіруім бір басқа. Осы қазақ елінің болашақ ұландарының кішпейлділігі әрі ұлт жандылығы бәрі-бәрі әлі менің жүрегіме өшпестей сақталып қалды.Ұстазы мықтының ұстанымы мықты деп ойладым.

йә суқбатта тамаша алыныпты.
біздегілер бір роман жазу ұшін міндетті түрде тариқты сұқбат алу ұшін бір ұлы тұлғаны таңдайтын бұзылмас қағыйданы Ардақ Құлтай бұзып ішімізде нағыз еңбекқор жандарды тауып әнгімелескені міне өсер елдің баласы бірін бірі батыр деиді дегендей жақсы әсер қалдырды.

Ана суреттің ішінен әнеу секіріп турған атты (Арғымақ) А.Асылхан ағаның жоспары бойынша Осы Серік бастап барып ауыл аралап малшы қауымды тосынан түсіру керек болды Екі көлікке сыйғанымызша нығалып отырып алдық ,зулатып келеміз қырағы Серік "әні бұркіттер"- дегені қарасақ бір жылқыны қалың бұркіт жеп жатыр.Тоқтап едік бұркіттер ұшып кетті.Қанатының кеңдігіне қарап олардың Қарақұс екенін білдік,жылқыны қасқыр жығып беріп кетіпті .Біз ана құстар қайта келеме деп тосып отқанда ана бала келді.Содан біз бақандай 30 минут осы баланы түсірумен айналыстық.Йә Серік "Арғымақ" деп ат қойған сурет меніңде ком-да тур сағыныштың бір айғағы деимін суретке қарап.....

Серікке әліде шағармашылық шабтты жұмыс тілеимін Монголядан ағаң Ж.А

+0
06 қараша 2012, 19:12

Осы Серіктердің шақыруымен сонау Монголядан "Шалкөде жайлауына" жеттім.Сурет түсіруім бір басқа. Осы қазақ елінің болашақ ұландарының кішпейлділігі әрі ұлт жандылығы бәрі-бәрі әлі менің жүрегіме өшпестей сақталып қалды.Ұстазы мықтының ұстанымы мықты деп ойладым.

йә суқбатта тамаша алыныпты.
біздегілер бір роман жазу ұшін міндетті түрде тариқты сұқбат алу ұшін бір ұлы тұлғаны таңдайтын бұзылмас қағыйданы Ардақ Құлтай бұзып ішімізде нағыз еңбекқор жандарды тауып әнгімелескені міне өсер елдің баласы бірін бірі батыр деиді дегендей жақсы әсер қалдырды.

Ана суреттің ішінен әнеу секіріп турған атты (Арғымақ) А.Асылхан ағаның жоспары бойынша Осы Серік бастап барып ауыл аралап малшы қауымды тосынан түсіру керек болды Екі көлікке сыйғанымызша нығалып отырып алдық ,зулатып келеміз қырағы Серік "әні құстар"- дегені қарасақ бір жылқыны қалың бұркіт жеп жатыр.Тоқтап едік бұркіттер ұшып кетті.Қанатының кеңдігіне қарап олардың "Қарақұс" екенін білдік,жылқыны қасқыр жығып беріп кетіпті .Біз ана құстар қайта келеме деп тосып отырғанмызда ана бала келді.Содан біз бақандай 30 минут осы баланы атын секіртіп түсірумен айналыстық.Йә Серік "Арғымақ" деп ат қойған сурет меніңде ком-да тур сағыныштың бір айғағы деимін суретке қарап.....

Серікке әліде шағармашылық шабтты жұмыс тілеимін. Монголядан ағаң

+0
07 қараша 2012, 11:50

Керемет, Жанарбек аға, өзіңіздің де суреттеріңізді жарияласаңыз болады. ол үшін менің поштама жіберсеңіз құба-құп...

+0
07 қараша 2012, 01:22

Серик ЖАРАЙСЫН! Тусирген суреттерин бир биринен кем емес. Тан каларлыктай КЕРЕМЕТ ТУСИРИЛГЕН! Ишинде ен 1ши козиме тускени " Аргымак" картинасы. Алда али талай ешкимнин ойына келмеген, кормеген жаксы суреттерди сен тусируине тилектеспин! Менин осындай досым бар екенине мактанышпен караймын! :D

+0
07 қараша 2012, 09:48

Жарайсың, бауырым. менің де бала күнгі арманым осы еді. әттең қолыма бір жақсы фотоаппарат түспеді. алда уақыт жазса осы жігіттен үйрену керек қой. Бізде осы саланы дамытуда үлкен үлес қосу осы жігіттен келеді. алда талантты жігіттерді тәрбиелеу керек сияқты.

+0
07 қараша 2012, 11:48

"Егіз-лебіз" де қалай шебер түсірілген!

+0
07 қараша 2012, 17:40

Баршаңызға, ниеттеріңіз бен тілектеріңіз үшін үлкен рахмет! Оқырман мен көрерменнің көңілдерінен шыққанына қуаныштымын. Қолдауларыңыз менің шығармашылығыма шабыт қосары сөзсіз. Алдағы уақытта да үздіксіз ізденіп, фотосүйер қауымның көңілінен шығуға тырысамын... Құрметпен, С.Ө.З.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...