Танымал әнші, Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев әлеуметтік желіде кез келген адам уағыз айтатынын, бұған заң жүзінде тыйым салу керек екенін жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бүгінде қазақтың салт-дәстүрін аяқ асты ететіндер көбейген.
"Әлеуметтік желі арқылы кім көрінгеннің уағыз айтып, санаға селкеу түсіруіне тыйым салатын заң қабылдамаса болмайтындай жағдайға жеттік-ау, сірә? Ойына келгенін айтып, ұлттық болмысымызды - дәстүрімізді, тілімізді, өнерімізді аяқ асты етіп, қоғамды ірітушілер көбейе бастады ғой" - деп жазды Қанат Айтбаев.
Желі қолданушылары өнер иесінің сөзін құптаған.
"Ринат айтса, айтты деп ренжиді, әлеуметтік желіде толған сақалдылар мен орамал таққандар көбейді", "Қанат. Өте дұрыс айттыңыз. Сіздер Үкіметке жақынсыздар ғой. Қарапайым жанға қарағанда. Бас көтеріңіздер. Қолдаймыз", "Соларды тәртіпке шақыру керек! Ойына не келсе, соны оттап отырады. Әлде жұрттың көңілін осылай басқа жаққа аударып, билік өз білгенін жасау үшін бе? Әйтеуір бұл тегін емес!", "Біздің билікті түсініп болмайды. Осы жағдай қашаннан айтылып келеді, ешқандай қимыл жоқ", - дейді олар.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде оранған қыздың домбыра тарту күнә деген видеосы тарағаны хабарланған еді. Ал кейін ҚМДБ өкілдері даулы мәлімдемеге пікір білдірді.
Дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев те домбыраны харам дегендерге жауап берді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жүннен тоқылған киімдерді қалай жуған дұрыс?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!