"Мына сақалдінікі не сандырақ?" Рамазан Стамғазиев домбыраны харам дегендерге жауап берді

"Мына сақалдінікі не сандырақ?" Рамазан Стамғазиев домбыраны харам дегендерге жауап берді
Фото: © instagram.com/ramazan_stamgaziyev

Қазақтың халық әндері мен дәстүрлі әндерін насихаттап жүрген әнші Рамазан Стамғазиев Желіде дау тудырған "домбыра - харам" деген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі Instagram-парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, 

"Кейінгі кезде осындай аузы басын түк басқан дүншілдердің қисық уағыздарын естіп жағаңды ұстайсың. Қазақ қазақ болғалы домбырамен жасасып келеді емес пе?! Халықтық ән жырлары айтылып, салт-санамызды тәрбиелеп жеткізіп келе жатқан жоқпыз ба?! Жалпы қазақты домбырасыз қалай елестетуге болады, мүмкін емес. Ендеше мына сақалдінікі не сандырақ? Ел ішіне от салып, халықтың дәстүріне тіл тигізіп, домбыраны қорлаған мынандай адамдарды заң алдында қатаң ескертүсіз жазалау керек. Егер Қазақстан жерінде жер басып жүрсе, домбырамен исламды бір -біріне қарcы қою дұрыс емес, қате ұғым", - деп жазған ол. 

Еске салайық, бұған дейін Желіде тараған мұндай видеоға белігілі айтыскер Айшолпан Тілеутай пікір білдірген еді. Кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері ұлттық құндылықтарға қарсы келу дұрыс емес екенін айтты. 

"Сан ғасырдан бері Ислам дінін ұстанып келе жатқан қазақ халқы ұлттық аспабымыз - домбыра арқылы ән, терме-толғау шырқап, тыңдаушыны имандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке, Отанды қорғауға, ата-анамызды қадірлеуге шақырған. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әлеуметтік желі қолданушыларын "домбыра шерту, беташар жасау, сәлем салу - харам" деген мағынада біржақтама, негізсіз пікір айтып, халық арасында түсінбеушілік тудырмауға үндейді. Ұлттық құндылықтарға қарсы келу дұрыс емес екенін мәлімдейміз", - делінген жауапта. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек