ҚР Еңбек сіңірген әртісі Бағдат Самединова хиджаб киюге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы өнерпаз Ұйқым келмейді бағдарламасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші түріктер хиджабты тек үйде киетінін жеткізді.
"Түріктердің ішінде жүрдім ғой, күндіз кәдімгі жалаңбас шаруасын бітіріп, үйіне барғанда орамалын жамылады. Белгілі бір жерге барғанда ғана жамылатын шығар. Біздің ата-бабамыз кезінде хиджаб жамылып, жүзін жасырған жоқ қой. Енді сол бола берсе, қажеті не сол хиджабтың. ... Хиджаб киіп жүрген қыздардың хиджабты ашып жіберген неше түрлі жағдайын көрдім. Мен соған жалпы риза емеспін. Басқа елді білмеймін, бірақ біздің қазаққа хиджаб кию үйлеспейді әрі жараспайды", - дейді ол.
Сондай-ақ, өнер иесі "домбыра – харам" деген даулы мәселеге пікір білдірді.
"Домбыра - біздің ұлттық аспабымыз. Әр қазақтың үйінде домбыра ілін тұрсын. Себебі домбыра - біздің үніміз, біздің жан-жүрегіміз. Онымен лириканы да, керемет күйлерді де орындауға болады. Қандай керемет. Домбыра үнін тыңдағанда өне бойым елжірейді. Домбыраны қалай харам етуге болады?!" - дейді әнші.
Айта кетейік, даулы мәселеге айналған домбыра - харам дегендерге ҚМДБ арнайы жауап берді. Бұған байланысты әнші Рамазан Стамғазиев, айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай пікір білдірді.
Тағы да оқи отырыңыздар: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық қозғалыс болды?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!