"Көпір" мультфильмі керемет ой салады (Видео)

"Көпір" мультфильмі керемет ой салады (Видео)
Фото: irecommend.ru

Адамгершілігі мен ақылы бар жандар қашан да жылдам бір мәмілеге келіп, қиын жұмыстың шешімін оңай табады. Бір-бірінің жолын бөгемей, керісінше, бірігіп күш салып, толағай жұмысты тез тындырады. "Көпір" атты тамаша мультфильмді назарларыңызға ұсынамыз. Бұғы мен аюдың көпірден бір-біріне жол бермей, соңынан келген жанат (енот) пен қоянға әлімжеттік көрсетіп, ұрып-соққаны үшін сазайын алады. Үлкен алыптарды төменге құлатып, нәтижелі еңбекке қол жеткізген кішкентай қос жануар, бір-бірін оңай түсініп, қарама-қарсы бағытқа еркін өтеді. Кейде балаларға арналға мультфильмдердің кереметтігі соншалық, үлкен адамның басына ой саларлықтай мүмкіндікке ие болады. 

B. ZHAQSYMBET