10 үздік мультфильм

10 үздік мультфильм

28 қазан – халықаралық анимация күніне орай сіздердің назарларыңызға қысқа метражды, көрермен ықыласына бөленген 10 үздік мультфильмді ұсынбақпыз.

Анимация – бұл тек балаларға арналған ертегілердің жарқын картинасы емес. Адамдар ең қысқа деген мультфильмнің өзіне қуанады, күледі, өкінеді, тіпті, жылап та алады. Біз сіздерге әр адам көруге тиіс 10 мультфильмді топтастырдық. Әрине бұл соңғы тізім емес. Әр адамның талғамы әртүрлі. Сіз егер әлі де бұл мультфильмдермен таныс емес болсаңыз, уақыт тауып бір көріп шығуға тырысыңыз. Және де өзіңізге ұнаған мультфильмдермен бөлісіңіз. Естеріңізде болсын, мультфильм көру жас талғамайды!

1. Сен жайлы ой 

2011 жыл, Райан Вудворд

Белгілі режисер Райан Вудвордтың махаббат жайлы баяндаған лирикалық хореографиялық фильмі.

2. Кішкентай құстар жайында

2000 жыл, Pixar

Қысқа метражды аса танымал фильмдердің бірі. Өте қызықты, күлкіге қарық қылар туынды.

3. Банан

2010 жыл, Universal

Толық метражды «Мен жексұрындағы» сүйкімді миньондар тобы фильм бойы бір бананды қуумен болады. Түрлі қиын жағдайлардағы қызықты оқиғалар нанымды суреттелген. Қызықты іс-әрекеттерімен баурап алатын миньондарды жақсы көрмеу мүмкін емес.

4. Көшпелі бұлт 

2009 жыл, Disney & Pixar

Бұл мультфильм достық, үміт, сенім туралы.

5. Ұрлау

Фильмнің басты кейіпкері – ебедейсіз басқа планеталық студент. Ол ұстазының төзімін сынау мақсатында, өз тәжірибесінде тұңғыш рет ұйықтап жатқан фермерді ұрлап кетуге тырысып көреді.

6. Киви!

2006 жыл, Dony Permedi, студент

Үш минуттық мультик ұшуды армандайтын қырсық құс – киви туралы болады. Бұл туындыны нью-йорктік визуалды өнер мектебінің студенті жасап шығарған. Видеоны 6 жыл ішінде 33 миллион адам тамашалаған. Қызық, сонда сол миллион адамдардың ішінде сіздің жоқ болғаныңыз ба?

7. Қағаз адам

2012 жыл, Disney

Махаббат тарихы жайындағы бұл туынды “Оскар” жүлдесінде “ең үздік қысқа метражды анимациялық фильм” аталымымен марапатталған.

8. Престо

2008 жыл, Pixar

Ешқашан, ешқашан ашу-ызаның қуаты мен кішкентай сүйкімді үй қоянын жете бағаламай жүрмеңіз...

9. Lavatory — Lovestory

2007 жыл, Константин Бронзит

Бұл мультфильм қоғамдық әжетхана қызметкерінің махаббат жайындағы қиялы турасында. Аңқаулық және ой-қиял...

10. Кішкентай кубиктер үйі 

Адамдар бұл мультфильмді көрер алдында өзіне жыламауға серт береді. Алайда, жалғызбасты қарт адамның тағдыры жыламасқа ерік бермейді. Сондықтан да берген серттерін бұзуға тура келіп жатады...

Дайындаған: Шерхан Талапұлы

Сурет: adme.ru

Ш. Талап