Жас ақындардың көшпелі поэтикалық дуэлі өтеді

Жас ақындардың көшпелі поэтикалық дуэлі өтеді
Фото: massaget.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайын дәстүрлі түрде жас ақындардың поэтикалық дуэлі ұйымдастырылып келеді. Жылдағы дәстүр бойынша биыл да ақындар жырдан шашу шашпақ. Биылғы дуэль бұрынғыдан өзгерек.

Басты ерекшелігі – "Поэзия қағаны-2017" көшпелі поэтикалық дуэльде алматылық үздік жас ақын анықталады. Қай ақынның қаған атанатынын қазақ поэзиясының үлкен өкілдері шешеді. 

Қазақ әдебиетінің талай классиктерінің тұңғыш шығармаларының тұсауын кесіп, әдебиет айдынына ақ жол тілеген ҚазҰУ-дағы бұл жолғы кеште көпшіліктің ықыласына бөленген филология факультетінің талантты ақындары және Алматы қаласында жүрген бір топ замандастарымен бірге шығармашылық ізденістерін ортаға салады.

Кешті қазақтың аяулы ақыны Ерлан Жүніс жүргізеді. Ендеше, қызықты жыр кешінен қапы қалмаңыздар, достар!

Өтетін орны: ҚазҰУ, әл-Фараби кітапханасы. Күні: 22.11.17. Сағат: 17:00

Ж. Жұмағұлов