Жас ақындар «Дуэльге» шығады

Жас ақындар «Дуэльге» шығады

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде Мұхтар Әуезов атындағы әдеби бірлестіктің ұйымдастыруымен «ПОЭТИКАЛЫҚ ДУЭЛЬ» атты жыр кеші өтеді, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

Қазақ әдебиетінің талай классиктерінің тұңғыш шығармаларының тұсауын кесіп, әдебиет айдынына ақ жол тілеген бірлестіктің бұл жолғы кешінде көпшіліктің ықыласына бөленген филология факультетінің талантты ақындары Алматы қаласы жоғары оқу орындарында оқитын замандастарымен бірге шығармашылықтағы ізденістерін ортаға салады. 

Жас ақындардың қарсыластары алдын ала анықталып қойды. Атап айтқанда:

1. Әріби-Әрібек Өр Алтай – Асыл Ерзат (журналистика факультеті)
2. Нұртас Тұрғанбек – Әйгерім Қуанышбаева (С.Демирел атындағы Қазақ-Түрік универсиеті)
3. Жандарбек Жұмағұлов – Қуаныш Жазай («Қайнар» университеті)
4. Шерхан Талап – Темірлан Жорабай (С.Демирел атындағы Қазақ-Түрік универсиеті)
5. Сәуле Нысанбек – Қозыбай Құрман (журналистика факультеті)
6. Тұрсынбек Башар – Нұрбақыт Жадыра (Қыздар Педагогикалық Университеті)
7. Марғұлан Ақан – Нұрболат Досжан (журналистика факультеті)
8. Бауыржан Мырзақұл – Олжас Саржай (С.Демирел атындағы Қазақ-Түрік универсиеті)
9. Аслан Тілегенов – Ауыт Жолдыхан (Қыздар Педагогикалық Университеті)
10. Айбол Исламғалиев – Еламан Хасенұлы(Орта Азия Университеті)

Бұдан бөлек жыр кешіне Батырхан Сәрсенхан, Нұрболат Жолдасбек сынды Тараз, Шымкент қалаларының жас ақындары қонаққа келеді.

Кеш барысында жас ақындар өз өлеңдерін оқыса, факультеттің өнерлі жастары әннен шашу шашып, домбырадан күй төгеді. Қызықты кештен құр қалмаңыздар!

Уақыты - 27 қараша. Басталуы - сағат: 15-00. Өтетін орны: М.Әуезов атындағы 312-дәрісхана.

Сурет: өңделген

Н. Айдархан