Сіздің бұл кітапты оқуға 24 сағатыңыз ғана бар

Сіздің бұл кітапты оқуға 24 сағатыңыз ғана бар

Сіз кітап оқуды жалықтыратын хобби деп білесіз бе? Ендеше, америкалық жазушы Джеймс Паттерсонның жаңа туындысы сіздің көзқарасыңызды өзгертеді. Себебі, бұл кітапты оқуға сіздің небәрі 24 сағат уақытыңыз болады. Содан соң ол өздігінен жойылып кетеді.

Шытырман оқиғаға бай Private Vegas («Құпия Вегас») романы оқырмандарды кітапты жылдам оқуға итермелейтін туынды. Романның электронды нұсқасы көшіріліп алынғаннан кейін бір тәуліктен соң жойылып кетеді. Ал оның әрбір беті оқырман ауыстырған бойда көзден ғайып болады екен. Сондай-ақ, оқырмандар кітаптың жойылуына қанша уақыт қалғанын, қанша беттің жойылғанын экранда көріп отырады.

Ал басылып шыққан кітаптың ішіне жарылғыш зат қондырылыпты. Оның бірінші беті ашылғаннан бастап уақыт есептеле бастайды. 24 сағаттан соң ол жарылады. Кітаптың жоғарғы жағына таймер орнатылған. Оқырман шығарманы оқып отырып канша уақыты қалғанын көріп отырады. Әлемде әзірге баламасы жоқ бұл өнертабыс 294 038 АҚШ доллары тұрады екен. Бұл бағаға бес жұлдызды қонақүйдің люкс бөлмесі кіріктірілген. Сатып алушы оқырман кітапты жалданған бөлмеде оңаша отырып оқи алады.

Ал кітаптың жарылатын уақыты жақындағанда мамандар қауіпсіздік амалдарын жасайды. Оқырман оны сатып аларда арнайы келісімшартқа қол қояды. Келісім бойынша, ол жарақат алып қалған жағдайда компанияның үстінен арыз түсіре алмайды.

Сіз кітапты қымбат деп ойлайсыз ба? Бұл бағаға автор өмір сүретін қалаға жеке ұшақпен барып қайту құны да қосылған. Және автор Джеймс Паттерсонның өзімен кешкі ас үстінде туындыны талқылай аласыз.

Кітап 26 қаңтарда саудаға түседі. Туындының электронды нұсқасына amazon.com сайтына кіріп тапсырыс беруге болады.

Сурет: marketingland.com

Оқи отырыңыз:

Джоан Роулинг ересектерге арналған роман жазып шықты

Басты кейіпкері мінсіз еркектер болған 10 роман

"Адамдардың жағдайы неліктен жаман?" деген сұраққа жауап берген 5 еврей

Әлем әдебиетіндегі қапаста жазылған шығармалар

Ж. Өрісбай