Басты кейіпкері мінсіз еркектер болған 10 роман

Басты кейіпкері мінсіз еркектер болған 10 роман

Бүгін сіздерге басты кейіпкерлері мінсіз еркектер болған 10 романды ұсынғалы отырмыз. Түсінікті болу үшін жеке-жеке тоқталып көрелік.

1. Чак Паланик — «Ержүрек клуб» (Бойцовский клуб)

Чак Паланик Орегон штатындағы Портлендте тұрады. Жаңа америкалық сатира жазушысы. Оның меншігінде 4 роман бар. Бұл – Паланиктің алғашқы романы. «Ержүрек клуб» романы өз дәуіріндегі жастар арасында өзіндік ерекшелігімен танылған туындылардың бірі. Бұл роман – 1990 жылдардағы талайдың таңдайын қақтырған, әрі дақпырты дүниені шарлаған даулы шығарма. «Икс ұрпақ» өзінің соңғы салмақталған ақыл-ойына, қиялына ызалы болады. Паланиктің өз аузымен кітапқа «икс ұрпақ» атауы бекер берілмесе керек...

2. Анна Гавальда — «Жәй ғана бірге» ("Просто вместе")

Анна Гавальда әлемдегі оқырманы көп авторлардың бірі. Оны «Француз әдебиетіні жұлдызды жазушысы», «Жаңа француз Сагасы», «Нәзік Уэльбек», «Әдебиет феномены», «Француз әдебиетінің басты сенсациясы» деп атайды. Оның ондаған тілге аударылған кітаптары миллондаған оқырманның қолына тиеді. Сондай-ақ, кітап желісімен кинолар түсіріліп, қойылымдар қойылып, түрлі бәйгелерден жүлде алып жатады. «Жәй ғана бірге» романы бақыт, өмір, жалғыздық және махаббат туралы әсерлі жазылған әдемі кітап. Кейіннен бұл кітап дәл осы атпен режисер Клод Берридің басты рөлде Одри Тоту ойнайтын киносына айналды.

3. Юлиан Семенов — «Қас қағым сәттік он жеті көктем»  ("Семнадцать мгновений весны")

Юлиан Семеновтың бұл романында Ұлы Отан соғысының соңғы күндері суреттеледі. Басты кейіпкері – кеңес барлаушысы Исаев. Ол Гитлерлік фашизммен күреседі.

4. Александр Дюма — «Монте Кристо графы»  (Граф Монте – Кристо)

«Монте - Кристо графы» романы – француз әдебиетінің классигі Александр Дюманың өте әсерлі, өлмес туындыларының бірі. Тартымды сюжет, жанды сурет, шынайы қиял, астарлы әзіл, салтанаттылық, тапқыр диалог, естен кетпес мінез, бәрі-бәрі бұл шығармадан табылады.

5. Этель Лилиан Войнич — «Сона» ("Овод")

«Сона» революциялық-романтикалық роман. Артур Бертон есімді жасөспірімнің тағдыры суреттеледі. Романда туған кездегі құпия, жақын адамдардың сатқындығы, өз-өзін өлтіру, қайғылы жауапсыз махаббат нанымды берілен. Этель Лилиан Войничтің «Сона» романы қаншама жылдардан бері оқырмандарды ойға жетелеп, маңыздылығын жоғалтқан емес.

6. Колин Маккалоу «Бұтадағы сандуғаш» ("Поющие в терновнике")

«Бұтадағы сандуғаш» - көркем әдебиеттің биік дәрежесінде жазылған махаббат тақырыбындағы бірден бір роман. Әсерлі махаббат хикаясы жүрек қылын шертеді. Оқырмандарды тылсым бір күшпен арбап, көңілге ерекше сезім сыйлайды. Адамдарды тазалыққа, адалдыққа жетелей түседі.

7. Венеамин Каверин «Екі капитан» (Два капитана)

Вениамин Кавериннің бұл романының жазылуы отызыншы жылдардың орта кезінде жас оқымысты-генетик Михаил Лобашёвпен кездесуден басталған. Жазушы кейінірек «Ол кісі қызба, турашыл әрі биік мақсатымен қажырлы көрінді. Ол кез келген істе жетістікке жетуді көздеді» деп жазды. Лобашёв Каверинге балалық шағын, жанының жаралы кездерін, жетімдігін, панасыз күндерін, университетке қалай түскендігін, оқығандығын, бәрін айтып берген. Шығарманың тағы бір кейіпкері 1943 жылы ерлікпен қаза тапқан, жоюшы-ұшқыш Самуил Клебанов болды. Ол жазушыға ұшудың бар қыр-сырын, құпиясын айтып берген екен.

8. Михаил Лермантов  «Біздің дәуірдің қаһарманы» ("Герой нашего времени")

«Біздің дәуірдің қаһарманы» романы – ХIX ғасырдың бірінші жартысындағы орыс прозасының жауһары саналады. Лермантовтың «қызық та жұмбақ романы» бүгінгі заман оқырмандарын да қызықтыра түсуде.

9. Энн Райс «Қанішер Лестат» ("Вампир Лестат")

Бұл Лестат «Қанішердің дертіндегі» басты кейіпкерлердің бірі. Шығарма бұл Лестатты жаңа қырынан көрсетеді. Оның іс-әрекеті, сезімі, көзқарасы, жанталасы мен адам өлтіру себебі суреттеледі. Роман басқа да қанішерлердің тарихы мен болмыс-бітімін паралель түрде жеткізуге тырысқан.

10. Анн и Серж Голон «Анжелика»

«Анжелика» романы – белгілі тарихи-авантюралық эпопеяның бірінші бөлімі. Анжелика де Сансе де Монтелудің бас айналдырарлық қызықты оқиғалары, тәкаппар да қатігез тағдырының тосын сыйы оқырмандарға жақсы әсер сыйлары анық.

Мінсіз еркектердің өмірінен үлгі алғыларыңыз келсе аталған романдарды оқып, өз бағасын берелік. Мүмкін бұл романдардан өмір бойына жететін азық табарсыз. Ендеше, іске сәт!

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: girlfantasy.ru

Ш. Талап