Джоан Роулинг Гарри Поттердің театрлық қойылымын жасамақ

Джоан Роулинг Гарри Поттердің театрлық қойылымын жасамақ

Қойылым 7 романды бірдей қамтымайтын болады. Гарри Поттердің Хогвартсқа дейінгі өмірі, яғни әке-шешесімен кешкен қысқа ғұмыры негізге алынады. Театрлық көрсетілімнің режиссері – Джон Тиффани болады деп күтілуде. Джон Лондондағы «Apollo» театрында «Жібер мені» деп аталатын вампирлік ертегінің қойылымын жасаған. Ал Бродвейде (Нью-Йорк) оның жүріп жатқан «Жансыз айуанхана» атты қойылымы Тони марапатының жетеуін иемденді. Ал жобаның продюсері – бродвейлік кассалардың бюджеттерін толтырушы Соня Фридман болады.

Оқырмандар Гарри Поттердің әлемін тағы да кеңейтудегі жаңа жоба бастамасын оң көріп, қолдау білдіруде. Бұдан басқа, Джоан Роулинг Халықаралық Квиддич біріншілігінде берген сұхбатында кітаптың жалғасын жазу ойында бар екенін айтқан болатын. Сол себепті оқырмандар Роулингтен жақсы жаңалық есітуді асыға күтуде. Ал қазірге бестселлер авторының өзге де кітаптарының желісі бойынша бірнеше киножоба басталып кеткен. Айта кетсек, «Фантастикалық жануарлар және олардың өмір сүретін аймағы» еңбегінің түсірілімі мен «Кездейсоқ демалыс» романы бойынша телехикаяның экранизациясы жүріп жатыр.

Тағы да оқи отырыңыздар:

Warner Bros. кинокомпаниясы жаңа жобасының түсірілімін бастады

"Капитан Америка: Қысқы жауынгер" Қазақстанда!

Видеоблог: Скарлетт Йоханссон еркектерге шабуыл жасайды

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www. londonshows.co.uk

Ж. Өрісбай