Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Шәкірттің таңданысы

Шәкірттің таңданысы

Шәкірттің таңданысы

Шәкірт ұстазына келіп: «Ұстаз, шаршадым, өмірім ауырлап кетті, соңғы кезде неше түрлі ауыртпалық пен мәселелер көбейіп кетті, мен үнемі ағысқа қарсы жүзіп келемін, енді бұдан артық шыдай алар емеспін... не істесем екен?»-деп сұрады.

Ұстаз жауап орнына отқа үлкендігі бірдей үш ыдысқа су құйып қойды. Оның біріншісіне сәбіз, екіншісіне жұмыртқа, үшіншісіне кофе ұнтағын салды. Су сәл қайнаған соң ұстаз алғашқы екеуіндегі заттарды суырып алып, ішіндегі қайнаған суды төгіп, оған үшінші ыдыстағы кофеден құйды. 

«Не өзгеріс байқадың?»-деп сұрады шәкіртінен. «Сәбіз бен жұмыртқа пісті, ал кофе ұнтағы еріп кетті,»-деді шәкірті. «Жоқ,»-деді ұстазы, -бұл әншейін сыртқы көрініс. Міне қара – қатты сәбіз жұмсарды, сұйық, жұмсақ жұмыртқа қатайды. Сырттай ол екеуі еш өзгермеген секілді, бірақ олар қайнақ су секілді жағымсыздықтың арқасында өз құрылыстарын өзгертті. Міне адамдар сол секілді: сырттай мықты деген адамдарың кейбір қиындықтармен мәселелерден әлсіреп кетеді, ал кейбір әлсіз секілді көрінген адамдар керісінше қатайып күшейеді». 

«Ал кофе ше?»-деп сұрады шәкірт. 

«О! Бұл ең қызығы! Кофе ұнтағы қайнақ суда еріп, оны өзгертіп, оның дәмі де, иісі де әдемі сусынға айналдырды. Сондай бір ерекше адамдар болады, қиын жағдайларда өздері өзгерместен қиын жағдайды өзгертіп басқа пайдалы нәрсеге айналдырып, одан пайда мен білім алады».

0
Рейтинг: +3

Фото: medvoice.ru
Қосылған күні: 13 наурыз 2017, 18:41

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.