Ұстаздың жауабы

Ұстаздың жауабы
Фото: audiblewisdom.com

Бір дзен ұстазынан: «Сіз әулиелік дәрежеге жеткенге дейін не істеуші едіңіз?»-деп сұрайды. 

Ол: «Мен әдетте отын бұтайтынмын, және құдықтан су таситынмын,»-деді. 

Сосын одан: «Ал енді дәреже тауып нұрланған соң немен айналысып жүрсіз?»-деп сұрады. 

Ол: «Немен айналысушы едім? Сол баяғы отын бұтап, құдықтан су тасимын,»-деді. Сұрақ қоюшы не айтарын білмей дал болды. Ол: «Сонда не айырмашылық бар? Дәреже тауып нұрланғанға дейін де, кейін де сол бір іспен айналысып жүрсеңіз, сонда қандай айырмашылық бар?»-деп сұрады. 

Әулие күліп жіберді де: «Үлкен айырмашылық бар. Бұрын маған осының барлығын істеу керек болатын, ал енді бұның бәрі өз-өзінен болып жатады. Бұрын маған күш салу керек болатын, мен дәреже тапқанға дейін оның бәрі мен үшін істегім келмесе де өз-өзімді зорлап істейтін орындауыма тиіс міндет болатын. Мен оның барлығын маған істе деп бұйырғандықтан істейтінмін; ұстазым маған отын бұта деп бұйыратын, мен сондықтан бұтайтынмын. Сыртқа ештеңе деп сөйлемесем де, іштей ызаланушы едім. 

Ал әзір жәй ғана отын бұтаймын, себебі осыған байланысты сұлулық пен қуанышты білемін. Қажет екенін білгендіктен құдықтан су тасимын. Бұл енді міндет емес, ықыласым, сүйіспеншілігім. Мен қарияны жақсы көремін. Күн суытып барады, қыс есікті қағып тұр, отын керек. Ұстазым күн санап қартайып келеді, көп жылу керек. Ол кісі тұратын бөлмені жылыту керек. Міне осы сүйіспеншілікке байланысты отынды ықыласпен бұтаймын. Осы махаббатқа байланысты құдықтан су тасимын. Бірақ енді көп айырмашылық пайда болды. Істегім келмейді деу, қарсыласу жоқ. Тек сол керекті сәтінде күнделікті қажет нәрсеге үн қатып атсалысамын,»-деді.

Ж. Жұмағұлов