Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / Испанияның ұлттық драматургиясы дәстүрлерін әрі қарай жалғастырушы

Испанияның ұлттық драматургиясы дәстүрлерін әрі қарай жалғастырушы

Испанияның ұлттық драматургиясы дәстүрлерін әрі қарай жалғастырушы

Испаниялық драматург Хасинто Бенавенте-и-Мартинес 1866 жылы 12 тамыз күні Мадридте өмірге келген. 1882 жылы Мадрид университетінің заң факультетіне оқуға тапсырған. Хасинто әкесінің өлімінен кейін оқуды тастап, өзін біржола әдебиетке арнайды. Бірнеше жыл шығармашылықпен айналысып жұмыссыз жүреді де, кейін театрға актер болып барады.

"Фантастикалық театр" аталатын алғашқы кітабы қысқа драмалық диалогқа құрылған еді. Бір жылдан соң өлеңдерін баспадан шығарған жазушы біраз уақытын әйелдердің психологиясын зерттеуге жұмсайды. Соның нәтижесінде "Әйелдердің хаты" ("Cartas de mujeres") деп аталатын романын жазып шығады.

Өз оқырмандарын тауып, танымал бола бастаған Хасинто Бенавенте "1898 жылдардағы ұрпақ" ұйымының жетекшісіне айналады. Бұл ұйымның ақын-жазушылары "Испания-Америка" соғысынан жеңіліп қалған мемлекеттің абыройын қайта тіктеуді өздерінің басты міндеті деп санайды.

Жазушы 1899 жылы осы ұйымның бас демеушісі болған "Әдеби өмір" журналының басшысы болып тағайындалады. 1901 жылы жазған "Губернатор" ("La gobernadora") пьесасында провинциялық қалашықтағы жемқорлыққа қарсы өз көзқарасын білдірсе, 1906 жылы жазған "Ханшайым Бебе" ("La princesa Bebe") сатиралық пьесасында демократияға ақсүйектік көзқарасты қарама-қарсы қояды.

Бенавенте Мартинес шығармашылық адамы ретінде әмбебап болған. Ол түрлі жанрда: трагедия, комедия, драма, балаларға арналған пьеса, ертегілер, шығыс тәсілінде драмалық шығармалар жазған.

1908-12 жылдар аралығында апталық "Әділет" газетінде жұмыс істегенде бірде-бір шығарма жазбапты. Тек 1913 жылы жазған "Сезімдерге шыдамды қыз" ("La malquerida") пьесасы драматургке АҚШ-та біраз танымалдық әкеліп, бүкіл штаттарда 2 жыл бойы сахналанады. Бұл кейін оның "Нобель" сыйлығын алуында маңызды рөл ойнады. 

1920 жылы жазушы Испания мемлекеттік театрына бас режиссер болып барады. Сол жылы Мемлекет парламенті сайлауына өзін ұсынғанымен аз дауыс жинап ұтылып қалады. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарында оның шығармашылығы біраз төмендеп, 4 жыл бойы бірде-бір пьеса жазбайды. Таңқаларлығы сол, дәл осы уақытта яғни 1922 жылы Хасинто Бенавенте-и-Мартинеске Швед академиктері "Испанияның ұлттық драматургиясы дәстүрлерін әрі қарай жалғастырғаны үшін" "Нобель" сыйлығын тапсырады.

Сыйлықты тапсыру рәсімінде жазушының өзі келе алмағандықтан оны Швециядағы Испания елшісі қабылдап алады. "Нобель" сыйлығынан соң Мартинес Испанияның ең үлкен сыйлығы "Дана Альфонс" медальімен марапатталады да, Мадридтің құрметті азаматы атанып, тағы да шығармашылыққа оралады. Бірақ оның "Нобель" сыйлығын алғаннан кейін жазған шығармалары "Нобель"-ге дейінгілерінен біраз нашар дейді әдебиеттанушылар.

1944 жылы драматургтың шығармашылығына 50 жыл толу мерейтойына әлемнің әр түкпірінен құттықтау хаттары келіп, Испанияның барлық театрларында оның пьесасы қойылады. Арада 4 жыл өткен соң, журналистикада берілетін "Мариано Кавиа" сыйлығымен марапатталады. 

Хасинто-Мартинес үйленбеген. Өмірінің соңына дейін театр үшін пьсалар жазды. Ол 1954 жылы Мадридте жүрек талмасынан қайтыс болды.

0
Рейтинг: +1

Фото: pinterest.com
Қосылған күні: 10 тамыз, 16:11
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.