Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Аударма / Нобель сыйлығының тарихына бір назар

Нобель сыйлығының тарихына бір назар

Нобель сыйлығының тарихына бір назар

Хусан Эрматовтың "Нобель сыйлығының иегерлері" кітабынан:

Нобель сыйлығының тарихына бір назар

Нобель сыйлығы - жоғары ғылыми тәжірибелер, төңкерістік жаңалықтар, мәдениет және қоғамның дамуына қосқан үлкен қызметтері үшін берілетін жоғары сыйлықтардың бірі. Нобельмен ерекше тұлғалар ғана марапатталады. Тек қана бейбітшілік саласына берілетін сыйлық бұдан өзгеше. Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы ресми және қоғамдық ұйымдарға да берілуі мүмкін. Ереже бойынша бір адам тек қана бір рет Нобель иегері атана алады. Бірақ белгіленген заңның тарихта бірнеше рет бұзылған жағдайлары кездеседі. 1968 жылдан бері сыйлықты бір уақыттың ішінде (бір сала бойынша ) үш кісіден артық адамдарға берілмеуі де заң ретінде бекітілді. Үміткерге сыйлық берілуі хабардар етілген уақытта тірі болып (бұл әдетте қазан айына тура келеді), сол жылдың 10 желтоқсанына дейін өмірден өткен болса, оған осы сыйлық қайтыс болған соң да берілуі жайында үкім 1974 жылы қабылданған. Нобель сыйлығы Альфред Нобель өсиетнамасы бойынша белгіленген.

Нобель өзі кім еді? Альфред Бернхард Нобель 1833 жылдың 21 қазанында Швеция астанасы Стокгольмда дүниеге келген. Альфред Эммануэль және Андриетта Нобельдердің үшінші ұлы. 1842 жылдың күз айларының бірінде Нобельдер жанұясы Санкт-Петербургке көшіп келген. Болашақ ғалымның әкесі бұл жерде торпедоларды дайындау бойынша іс бастайды. 1849 жылы Альфред білім алу мақсатында Еуропа және Америкаға жол алады. Ол Дания, Германия, Итальия, Франция және кейін АҚШ-та болады. Бұл сапар екі жылға жуық жалғасады. Ресейге қайтқан соң Альфред, жанұясына тиісті Ресей армиясының әскери тапсырыстарын орындайтын фабрикаларды басқарумен айналысады. Бұл істері дағдарысқа ұшыраған соң әкесімен Швецияға қайтуға мәжбүр болған Альфред, жарылғыш заттарын үйренуге кіріседі, әсіресе нитроглецеринді қауіпсіз жасап шығару және оны пайдалану Альфредті көбірек қызықтырады.

1868 жылы Нобель динамитке патент алады. Ол өзі ойлап тапқан жарылғыш затының мүмкіндіктерін паш ету және оның қандай жүзеге асатындығы жайында баяндамалар оқиды. Нәтижесінде Нобель жаңалығына адамдар қызыға бастайды.

Альфред динамит және басқа жарылғыш заттарын істеп шығару сонымен бірге Бакудегі мұнай майдандарын ашу істерінен үлкен мал-мүлікке ие болған.

1888 жылы тілшілер қателігінен Альфред Нобельдің өлімі жайлы хабар таратылған. Бұл хабар оған үлкен әсер қалдырады. Оны журналистер «қанға батқан миллионер», «динамит патшасы» деп атар еді. Бұдан әсерленген ғалым тарихта «әлем бойынша қылмыскер» атауында қалмау үшін ойланып қалады. Нобель 1889 жылы дүниежүзілік бейбітшілік конгресіне қатысады. Ол 1896 жылы 10 желтоқсанда жүрек қантамыры ауруынан (стенокардия) қайтыс болады. Ғалым Стокгольмдағы Норра қорымына қойылған. Нобельдің 1895 жылдың 27қарашасында жазылған өсиетнамасында мынадай сөздер бар еді: «Менің барша жылжитын және жылжымайтын мүлкім өсиетнамамды іске асыратын адамдар тарапынан ақшаға айналдырылған. Сол жолмен табылған ақшалар сенімді банкке орналастырылған. Осы құнды қағаздардан келетін табыстар, оларды әр жылы, жыл соңында адамзатқа ең үлкен пайда келтірген кісілерге сыйлық ретінде тапсыратын қорға тиісті болуы ләзім... Сөз етіліп жатқан пайыздар мынадай бес бағытқа тең бөлінеді: бірінші – физика саласында ең үлкен жаңалық ашқандар; екінші - химия бағытында ең ерекше жаңалық ашқан, яки, осы саланы дамытуға үлес қосқандар; үшінші - физиология немесе медицина саласында ең үлкен жетістікке жеткендер; төртінші - әдеби бағытта ең ерекше көркем шығарма тудырғандар; бесінші - ұлттарды ынтымақтастыру, құлдықты жою, армия санын қысқарту және бейбітшілік әрекеттерін амалға асыруға үлес қосқандар үшін... Менің жеке қалауым – сыйлықтарды беруде үміткерлердің қайсы ұлттан екеніне мән берілмесін!».

Сонымен Нобель өсиеті бойынша осы сыйлық тек қана бес бағытта берілетін болған. Олар:

Әдебиет (1901 жылдан Швецияда беріледі)

Физика (1901 жылдан Швецияда беріледі)

Химия (1901 жылдан Швецияда беріледі)

Физиология және медицина (1901 жылдан Швецияда беріледі)

Бейбітшілік (1901 жылдан Норвегияда беріледі)

Бұдан бөлек, Швеция банкі тарапынан 1969 жылы Экономика саласы бойынша да Нобель сыйлығы берілетін болған. Осы сыйлықты беру шарттары ілгерідегілермен бірдей. Содан соң Нобель қоры басқармасы номинациялар санын көбейтпеуді бекітті. Сонымен бірге ғылымның көп тармақтары мен салалары Нобель сыйлығымен байланысты. Алғашында Альфред Нобель салалар тізімін жасағанда оған математиканы да кіргізген екен. Бірақ кейінірек оның орнына бейбітшілік саласын қосады. Мұның не үшін бұлай болғаны нақты мәлім емес. Негізгі себептерінің бірі есебінде сол кезде, Швецияда математика саласының жетекшісі болған Миттаг-Лоффлер есімін келтіреді. Оны Нобель Стокгольм университеті үшін қайта-қайта қайырымдылық жасауын өтініп келе бергені үшін жақтырмай қалған. Басқа бір болжам бойынша Нобель ұнатып қалған Софья Ковалевскийдің оны тастап, Миттаг-Лоффлерді таңдағаны себеп болған. Және бір болжам Нобель, сыйлық үшін салаларды таңдау кезінде олардың адамзатқа анық және көрініп тұратын пайда келтіретіндерін таңдап алуды мақсат еткен. Математика ауқымды қоғам назарында мұндай санатқа кірмейді. (Осы туралы Massaget.kz "Нобель сыйлығы неліктен математиктерге берілмейді?" атты материалда айтып өткен болатын. – ред.). 

Экономика бойынша Нобель сыйлығымен байланысты қаражаттар Нобель меншігіне тиісті қордан бөлінбейді. Сол үшін оны шын дәрежеде Нобель сыйлығы деп есептеу қиын. Экономика бойынша Нобель сыйлығының иегерлері әр жылы 12 қазанда жарияланады. Барша сыйлықтар иелеріне 10 желтоқсанда тапсырылады. Нобель сыйлығын алған адамдардың «Нобель баяндамасымен» шығуы талап етіледі. Бұл баяндама сол аттағы ұйым тарапынан жеке басылады. Енді Нобель сыйлығымен берілетін ақшалар жайында сөз етсек, Нобель қоры 1900 жылы тәуелсіз, үкіметке тиісті емес ұйым ретінде құрылған болып, оның бастапқы капиталы 31 миллион Швеция кронасы немесе бүгінгі нарықта 1,5 миллиард кронаны құрайды. Бірінші сыйлықтар 150 мың кронадан берілген. Қазіргі уақытта қор капиталы 2 миллиард 966 миллион Швеция кронасы немесе 450 миллион АҚШ долларына тең болып, сыйлық көлемі 10 миллион Швеция кронасын құрайды. Сонымен сыйлық көлемі:

2003 жылы 1,35 миллион АҚШ доллары

2004 жылы 1,32 миллион АҚШ доллары

2005 жылы 1,3 миллион АҚШ доллары

2008 жылы 1,399 миллион АҚШ долларына тең болды.

(Жалғасы бар)

Өзбек тілінен аударған: Тұрсынбек Башар

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: public.od.ua

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 18 желтоқсан 2013, 15:28
Пікірлер
+0
18 желтоқсан 2013, 17:11

пайдалы ақпараттарыңызға рахмет. Не де болса адамзат алдындағы өз кінәсін жуу үшін қалдырған өсиеті екенін кішкентайымыздан естіп өскен едік.

+0
19 желтоқсан 2013, 00:14

кандай кунасын жуу ушин

+0
19 желтоқсан 2013, 11:32

ол соғыс қаруын - динамитті ойлап тауып, тәжірибеге енгізгені үшін өзін кінәлі сезінген, өкінген.

+0
24 желтоқсан 2013, 20:17

Осындай пайдалы ақпараттар ұсынғандарыңызға алғыс айтамын. Тұрсеке, жаза түс!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.