Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / Неміс драматургы – Герхарт Иоганн Роберт Гауптман

Неміс драматургы – Герхарт Иоганн Роберт Гауптман

Неміс драматургы – Герхарт Иоганн Роберт Гауптман

Неміс драматургы және романисті Герхарт Иоганн Роберт Гауптман 1862 жылы қарашаның 15-і күні Оберзальцбрун қаласында дүниеге келген. Ол сәнді қонақ үйдің иесі Роберт Гауптманның және Мария Штрелердің төрт баласының ең кенжесі болды.

Герхарт ауыл шаруашылығы мектебінде латын тілінен сабақ алады. Бірақ оқуға деген ынтасы онша емес болашақ Нобель иесі, бұл мектепті "азаптау орны" деп есептеген. 15 жасында оқуын тастап жылжымайтын мүлікпен айналысатын ағасының бизнесін үйренуге кетеді.

Герхарт фермада болған қысқа уақытында көп тәжірибе жинайды. Арада 30 жыл өткесін фермадағы өмірін ол былай деп еске алады: "Мен дәл сол кезде бағам қаншалығын, қандай құқықтарым барлығын, тәуелсіздіктің, шешім қабылдаудың не екенін үйрендім. Өмірге деген өз көзқарасым болды", – дейді.

1880 жылы ағасының айтуымен Герхарт Бреслаудағы Өнер академиясының мүсін класына оқуға түседі. Келесі жылы ағасының үйлену тойында Мария Тинеманмен танысады, бұл қыз бай әулетінен болып Герхарттың материалдық жағынан қиналмауына көп септігін тигізеді.

Келесі жылы Герхарт Йен университетіндегі тарих факультетіне ауысып кетеді. Осы оқу орнында биолог, философ Эрнест Геккелмен жақын қарым-қатынаста бола жүріп, кәрі құрлықтағы әдебиет жанрындағы реализмнің дамуына қатты әсер еткен Дарвин идеясымен танысады.

1883-84 жылдары Римде мүсіндеу өнерін зерттей жүріп, көне өнерге қызығушылық танытып, Прометей мифі негізінде эпикалық-романтикалық поэма жазады. 1885 жылы Мария Тинеманмен үйленіп, Берлиннің маңындағы Эркнер қаласына қоныс аударады, онда ол прогрессивті интеллигенцияда өзін танытып, Маркс, Энгельс, Толстой, Золя мен Ибсенді ынта-жігермен оқиды.

Натурализм Ресейдің, Францияның және Скандинавия елдерінің әдебиетінде осы уақытта кеңінен дамығанына қарамастан, бұл көркем әдіс Германияда кеңінен таралған жоқ. Романтизм неміс әдебиетінің басты әдеби жанры болып қала берді. 1889 жылы бір топ неміс қаламгерлері мен сыншылары "Тегін сахна" атты театр құрады. Бұл жерде алғаш Ибсеннің "Елес" атты пьесасы, сосын Герхарттың тырнақ алды туындысы "Күн шығыс алдында" ("Vor Sonnenaufgang", 1889) атты пьесасы қойылады. Бұл трагедиялық натуралистік жанрда жазылған пьеса Герхартқа біршама танымалдылық, құлдырап бара жатқан драматургияға үміт әкеледі.

Келесі екі пьесасынан "Татуласу мерекесі"  ("Das Friedensfest", 1890) мен "Жалғыздық" ("Einsame Menschen", 1891) Ибсеннің қатты әсері байқалады.

"Бивер шубасы" ("Der Biberpelz", 1893), деп аталатын сатиралық жанрда жазылған кезекті шығармасы да натурализм жанрында жазылады.

1912 жылы Швед академиктері Герхарт Гауптманға "драматургия саласындағы жемісті еңбегі, әртүрлі және көрнекті қызметі" үшін "Нобель" сыйлығына лайық деп табады. Швед академиясының өкілі Ганс Хилдебранд баяндамасында "Герхарт адам рухының тереңдігіне енудің шебері, ондағы реализм сөзсіз жаңа өмірдің арманын шындыққа айналдырады", – дейді.

1918 жылы Германия бірінші дүниежүзілік соғыста Германия жеңілгеннен соң, Герхарт Веймарлық Республиканың құрылуын қолдады. Гитлер билікке келгеннен кейін нацистік билік қаншалықты жеккөрініштілік сезімін тудырса да ол өз отанында қалуға шешім шығарады. Бұл өз оқырмандарының наразылығын тудырады.

"Үшінші рейх" кезінде Герхарттың шығармалары сахнада аз қойылды. 1942 жылы қаламгердің 17 томдығын шығару үшін қаражат бөледі. Осы уақыттарда Герхарт өзінің ғажайып "Ұлы ұйқы" ("Der grosse Traum", 1942) мен "Атрида" ("Die Atriden-Tetralogie", 1949) туындыларын жазады. Мұндағы грек аңыздарындағы қатыгездік екінші дүниежүзілік соғыс қасіретімен үндесетін еді.

1945 жылы Одақтастар Герхарт қатты жақсы көретін Дрезден қаласын бомбалайды. Бұл оған қатты әсер етіп көңіліне ұмытылмас қорқыныш пен қайғы әкеледі. 1946 жылы Герхарт Гауптман Агеттендорфтегі үйінде өкпе қабуынуынан қайтыс болады.

Оның өлімінен кейін шығармалары Германиядан басқа жерде аз қойыла бастады. Сыншы Джон Гасснер: "оның соңғы 25 жылда жазған шығармалары өте әлсіз, тіпті ең таңдаулы шығармасының өзі Германия сияқты түкке тұрғысыз", – дейді.

Драматургтің жетістіктерін бағалағанымен оқырмандарының өзі соғыстан соң оның шығармалары ескі деп санай бастады. Ал оның биографы Хью Гартен: "Герхарт – кейіпкерлерінің түрлілігімен ұлы еуропалық дәстүрді дамытқан соңғы шынайы гуманистердің бірі", – деп санайды.

0
Рейтинг: +1

Фото: nobeliat.ru
Қосылған күні: 01 маусым 2018, 11:54

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.