"Дүниеге келер әлі талай Қасым" атты республикалық жыр мүшәйрасы өтеді

"Дүниеге келер әлі талай Қасым"  атты республикалық жыр мүшәйрасы өтеді
Фото: massaget.kz

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2019 жылдың 4 қазанында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай "Дүниеге келер әлі талай Қасым" республикалық мүшәйрасын өткізеді.

Мүшәйраның мақсаты:
Қасым Аманжолов мұрасын насихаттай отырып, поэзияның дамуына ықпал ету, жас ақындардың шығармашылығына қолдау көрсету және еркін елдің кенен тарихы мен жарқын жетістіктерін қара өлеңнің құдіреті арқылы дәріптеу. 

Шарттары:
- мүшәйраға 18-40жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады;
- қамтылатын тақырыптарына қарай Қасым Аманжоловқа, Әбіш Кекілбаевқа арнау жәнееркін тақырыпта – барлығы үш өлең ұсынылуы тиіс; 
- әр поэзиялық шығарманың көлемі 100 жолдан аспауы керек;
- шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында(14 кегльде (шрифт), жоларасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен)жіберілуі қажет;
- жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған және талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайды;
- қабылданған шығармаларға пікір берілмейді;
- қазылар алқасының іріктеуінен өткен үміткерлер қорытынды шараға қатысады. 
Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:
- ұсынылған шығармалар тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне;
- шығарманың идеялық мазмұнына;
- туындының көркемдік сапасына;
- автордың сөз саптау мәнері, стильдік ерекшелігіне назар аударылады.
Барлық келіп түскен шығармаларды байқаудың қазылар алқасы қарап, талдау жасайды және бағалайды.
Мүшәйраның жүлде қоры:
Бас жүлде (біреу) – 500 000 (бес жүз мың) теңге!!!
Және басқа да жүлделі орындар бар! 
Мүшәйраның жеңімпазы мен жүлдегерлері дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Мүшәйраға ат салысып, қосымша қолдау білдіреміз деген азаматтар болса қарсылық болмайды.

Мүшәйраға қатысу
Мүшәйраға қатысу үшін үміткердіңтапсырыстары (жеке куәлігінің көшірмесімен қоса үлгідегі кестеге сәйкес аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары) және шығармалары 2018 жылғы 15 қыркүйекке дейін mushayra.kasym@mail.ru электронды мекенжайы бойынша қабылданады.
Анықтама телефоны: 8 (7212) 56-74-76, 8-778-355-21-80

Т. Раушанұлы