Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Жаңалық / "Дүниеге келер әлі талай Қасым" атты республикалық жыр мүшәйрасы өтеді

"Дүниеге келер әлі талай Қасым" атты республикалық жыр мүшәйрасы өтеді

Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2018 жылдың 19 қазанында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қасым Аманжолов атындағы "Дүниеге келер әлі талай Қасым" атты республикалық жыр бәйгесін өткізеді. 

Мүшәйраның мақсаты:

Қасым Аманжолов мұрасын насихаттай отырып, поэзияның дамуына ықпал ету, жас ақындардың шығармашылығына қолдау көрсету және еркін елдің жарқын жетістіктерін, өткен тарихы мен кемел болашағын қара өлеңнің құдіретімен қалың жұртшылыққа паш ету. 

Шарттары:

- мүшәйраға 18 – 40 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады;
- қамтылатын тақырыптарына қарай Қасым Аманжоловқа арнау, Рухани жаңғыру бағдарламасы жайында және еркін тақырыпта – барлығы 3 өлең ұсынылуы тиіс; 
- әр өлең көлемі 100 жолдан аспауы керек;
- шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 кегльде (шрифт), жоларасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен) жіберілуі қажет; 
- жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған және талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайды; 
- қабылданған шығармаларға пікір берілмейді;
- қазылар алқасының алдын-ала іріктеуінен өткен үміткерлер қорытынды шараға қатысады. 

Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:
- ұсынылған шығармалар тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне;
- шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына;
- туындының көркемдік сапасына;
- автордың сөз саптау мәнері, стильдік ерекшелігіне назар аударылады.
Барлық келіп түскен шығармаларды байқаудың қазылар алқасы алдын ала қарап, талдау жасайды және бағалайды. 

Мүшәйраның жүлде қоры:

Бас жүлде (біреу) – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
І орын (біреу) – 350 000 (үш жүз елу мың) теңге;
ІІ орын (екеу) - 250 000 (екі жүз елу мың) теңгеден;
ІІІ орын (үшеу) – 150 000 (жүз елу мың) теңгеден;
Ынталандыру сыйлығы (он) – 30 000 (отыз мың) теңгеден ;
Мүшәйраның жеңімпазы мен жүлдегерлері дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Мүшәйраға ат салысып, қосымша қолдау білдіреміз деген азаматтар болса қарсылық болмайды.

Мүшәйраға қатысу үшін үміткердің тапсырыстары (үлгідегі кестеге сәйкес аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары көрсетіле отырып, жеке куәлігінің көшірмесімен қоса) және шығармалары 2018 жылғы 23 қыркүйекке дейін b.altynbek@karaganda-region.gov.kz электронды мекенжайы бойынша қабылданады. 
Анықтама телефоны: 8 (7212) 567476

0
Рейтинг: +3

Фото: tenastetler.com
Қосылған күні: 24 тамыз 2018, 17:01

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.