Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Мұқағали Мақатаевтың ескерткішіне гүл қойылды

Мұқағали Мақатаевтың ескерткішіне гүл қойылды

Мұқағали Мақатаевтың ескерткішіне гүл қойылды

9 ақпан күні киелі қара шаңырақ Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті жылдағы өткізетін іс-шараны игі дәстүрге айналдырды. Болашақ педагогтар мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуына орай ақын ескерткіші басында жауһар жырдан шашу шашты. Жалынды жастарға тіпті қыстың суығы мен қардың жауғаны әсер еткен жоқ деуге болады.

Ақиық ақын М. Мақатаевтың рухына тағзым ретінде «Бүгін менің туған күнім...» атты дәстүрлі Мұқағали оқуларына университет ұжымы, студенттер қауымы келді. Сондай-ақ, белгілі ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты О.Асқар ақын туралы естелік айтса, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы Төрағасының орынбасары Р.Маралтайұлы жалынды жырын оқып берді.

Қыздар университеті проректоры Баходир Азимджонұлы пен ақын Оразақын Асқар ескерткіш алдына гүл қойды.

Қыздар университетінің бірінші проректоры Б. Алиев өз сөзінде: «Жастарымыздың білімді, білікті болып қалыптасуына, олардың өз елінің шынайы патриоты болып ержетуіне «Мұқағали оқуларының» тигізетін маңызы зор деп білемін. Қазақ поэзиясының Хантәңірі Мұқағали өлеңдерінен әрбір оқырман өзін табады, толқиды, тамсанады. Психологиялық мәнінің тереңдігі, адамзат баласының небір көңіл-күйі суреттеліп, көз алдына әдемі бір елес қылаң бергендей болады. Поэзия мерекесін ұйымдастыру Қыздар университеті оқ бойы озық тұр деуге болады. Студенттеріміз ақын өлеңдерін оқудан алдына жан салмайтындығымен мақтана аламыз», – деді.

Расымен де, Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті студенттері Мұқағали жырларын ана тілінде оқумен қатар, орыс, ағылшын, парсы, қытай тілдерінде тебірене оқып шықты. Сонымен қатар ақынға арнаған жүрекжарды туындыларын тарту етті.

Тау тұлғалы талантты ақын көзі тірі болғанда биыл 85 жасқа толар еді... Дегенмен, өзінің 45 жылдық қысқа ғұмырында артына өшпес мұра қалдырып кеткен ақынның туған күні халықтың деңгейде тойланып, жалпыұлттық сипат алып отыр. Ақынның қалам тербемеген тақырыбы жоқтың қасы. Қай жырын оқысаңыз да, одан өзіңізді табасыз. Поэзия тілінің құдіреті, күші – сонда. Ол сонысымен ғұмырлық, мәңгілік!

Мұқағали оқуларының мақсаты – мемлекеттік тіл аясының кеңеюіне, қазақ қара өлеңінің өркендеуіне, ақын шығармаларын насихаттауға, студент-ақындардың шеберлік деңгейінің биіктеуіне және жырқұмар қауым талғамының өсуіне игі ықпал жасау, жастардың рухани өмірге белсене араласуына қолдау көрсету.

Ақын жырлары уақыт өткен сайын жасара береді, жасай береді. 

«Қыздар университеті» медиа орталығы

Дайындаған: Серікбол Ерсін
Фото: Қыздар университет медиа орталығы
Қосылған күні: 10 ақпан 2016, 13:03

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.