Бүгін Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған кеш өтеді

Бүгін Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған кеш өтеді
Фото: baq.kz

2016 жылғы 9-ақпан сағат 15:00-де ҚР Ұлттық музейінде «Тарихи тұлғалар» атты оқу-ағарту бағдарламасы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің...» әдеби-сазды кеші өтеді, − деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ақпараттық-имидждік қызметі.

Кештің басты мақсаты  қазақтың маңдайына біткен ұлы перзентінің туған күнін ескерусіз қалдырмау және сол арқылы музейге келуші қонақтарға әдебиетіміздің алтын қорына енген өнегеге толы ақын өлеңдерін насихаттау.

Қаншама жыл өтсе де өміршеңдігін жоймай келе жатқан ақынның шығармашылығын кез келген жастағы қазақстандық сүйіп оқиды. Аталмыш кештің өтуі соған бұлтартпас дәлел болмақ.

Әдеби-сазды кеште музейдің жастар театр студиясы поэтикалық пролог жасап, музей қызметкерлері ақынның өлеңдерін орындайды.

Шараға Серік Тұрғынбеков, Ажар Ерболған сынды мәдениет және өнер қайраткерлері қатысады.

С. Ерсін