«Поэтикалық дуэль» 2-шығарылым (Видео)

«Поэтикалық дуэль» 2-шығарылым (Видео)

Жуырда ғылымның Хан-Тәңірі атанған қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде Мұхтар Әуезов атындағы әдеби бірлестіктің ұйымдастыруымен «Поэтикалық дуэль» атты жыр кеші өткен болатын.

Өскелең ақындардың шеберліктерін шыңдап, оқырмандардың поэзияға деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен бұл дуэльге Қазақстанның Жоғары оқу орындарынан жыр қаруын сайлаған бірқатар жас ақындар қатысты.

Өткен аптада жарияланған «Поэтикалық дуэльдің» 1-шығарылымынан Нұрболат Жолдасбек пен Батырхан Сәрсенханның дуэлін көріп, сырлы поэзиямен сусындадыңыздар деп ойлаймыз.

Ал, бүгінгі шығарылымнан Әріби-Әрібек Өр Алтай мен Асыл Ерзаттың жалынды жырларындағы асқақ рух пен ақындық асау мінездің куәгері боласыздар.

Әріби ­­­­­­­­­­‑ Әрібек Өр Алтай1989 жылы Қытай Халық Республикасы, Өр Алтайдың қос Шіңгіл ауданы, Шаңқан деген жерінде дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 4 курс студенті. «Әриям» атты жыр жинағының авторы, Халықаралық ХХVII «Шабыт» фестивалінің дипломанты. 

Ерзат Асылұлы - жас ақын. 1989 жылы 9 қараша күні Қытай Халық Республикасының Шиху қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің 2 курс студенті. Көптеген республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы.  Өлеңдері ел іші-сыртындағы мерзімді басылымдарда жарияланып тұрады.

Келесі шығарылымнан Бекзат Смадияр мен Мөлдір Айтбайдың  астарлы әзіл мен нәзік сезімге толы жыр додасын көре аласыздар.

Сурет: massaget.kz

Е. Жұмабайұлы