Ең ауыр және ең жеңіл кішкентай кітаптар

Ең ауыр және ең жеңіл кішкентай кітаптар

"Кітап – арқалаған аманатын бір буыннан екінші буынға жеткізу үшін уақыт толқынымен саяхат жасаушы ойлар кемесі" деген екен ағылшын философы Фрэнсис Бэкон. Кітап – адамзаттың ақыл қазынасы. Кітап оқу – ғұмыр бойы жүретін үрдіске айналуы тиіс. Біз бүгін сіздерге ең ауыр және ең жеңіл кішкентай кітаптар жөнінде айтпақпыз.

«Лондон мұражайының географиялық атласы» жер бетіндегі ең ауыр кітап боп есептеледі. Оның салмағы 310 келіден асады. Қазіргі таңда бұл экспонат Лондон мұражайында тұр. Кітаптың биіктігі де суреттен көріп тұрғандай, орта бойлы адамнан биігірек. 

Әлемдегі ең кішкентай он екі кітап бір асхана қасығына сыйып кетеді. Олардың арасында Құранның миниатюралық басылымы, 12 мың сөзден тұратын ағылшын тілі сөздігі және Францияның Конституциясы бар.

Дәл осы секілді тағы бір ең кішкентай кітапты Торраn Printing Co. Ltd жапониялық баспа компаниясы шығаратын микроминиатюралық кітапты айтсақ болады. Бұл кітаптың əр бетінің көлемі 0,75 × 0,75 миллиметрді құрайды. Дəл қазіргі уақытта "Shiki no Kusabana" кітабы Токиодағы Торреn баспа компаниясының мұражайында тұр. Кітапты лупа арқылы немесе 29 400 жапон йені (300 доллар) ақысымен үлкен көлемдегі көшірмесі арқылы көруге болады.

Ж. Жұмағұлов