Көркем әдебиетпен емделудің рецептері

Көркем әдебиетпен емделудің рецептері
Фото: vk.com

Көркем әдебиетпен емделудің рецептін білесіз бе? Көктемнің керемет күндерінде табиғат аясында немесе басқа да жайлы орында отырып кітап оқығанға не жетсін!

Итті санамағанда, қайықтағы үшеу». Джером К. Джером 

Рецепт: шай, күріш пудингі, Джеромның романы. Күніне кем дегенде 2 рет қабылдау керек. 

«Бақбақ шарабы». Рэй Брэдбери 

Қолданылуы: оқу, шай ішу, тыныс алу. Күніне 3-4 тараудан қабылдау қажет. Барлық дертке шипа. 

«Жүз жылдық жалғыздық». Габриэль Гарсиа Маркес 

Ұйқысыздыққа қарсы қабылдауға кеңес береміз. Ұйықтататын дәрі орнына жұмсалады. 

«Менің отбасым және басқа жануарлар». Джеральд Даррелл 

Рецепт: Греция күнінің сығындысы, еркіндік дәмі, әзіл және жануарлар мен адамдар туралы ғажап әңгімелер. 

«Қуырылған жасыл қызанақ». Флэгг Фэнни 

Қайырымды адамдарға деген сенімді арттырады. Сонымен бірге, лимон қосылған шаймен жылытады: дәмді әрі пайдалы. 

«Гүл көшесіндегі дүңгіршек». Дебби Макомбер 

Егер жұмыстан шаршап келгенде бір кесе какаомен диваныңызға жылы жапқыш оранып жайғассаңыз, бұл кітап таблеткасы 30-50 беттен соң ерекше жайлылық пен жаныңызға тыныштық орнатады. 

«Анжелика және оның махаббаты». Анн және Серж Голон 

Күйзеліске арналған керемет дәрі. Шынайы махаббаттың бәрін еңсере алатынына сеніміңізді арттырады. 

«Желмен ғайып болғандар». Маргарет Митчелл 

Сүреңсіз ауа райы мен мұңды көңіл күй үшін қабылдауға кеңес береміз. Толық сауығып кеткіңіз келсе, көп мөлшерде пайдаланыңыз. Қолайсыз әсер тудырмайды.

Ж. Жұмағұлов