Болашақты дұрыс болжаған кітаптар

Болашақты дұрыс болжаған кітаптар

1. Марстың табиғи қос серігі

1735 жылы Джонатан Свифтің «Гулливердің саяхаты» (Путешествия Гулливера) кітабында айтылған болжамы 142 жылдан кейін ақиқатқа айналады. Қызыл ғаламшардың Фобос және Деймос серіктері 1872 жылы ғана табылды. 


2. Күн желкені (IKAROS) 

«Жерден Айға» (С Земли на Луну) атты фантастикалық романында Жюль Верн күн желкендері туралы идеяны қозғайды. 1865 жылы жазушының ойында пайда болған қиял 145 жылдан кейін шынайылыққа ие болады. 

3. Электрлі суасты қайықтары

«Су астында 20000 лье» (20000 лье под водой) (1870 ж.) кітабында Жюль Верн «Наутилус» атты электрмен жұмыс істейтін таңғажайып қайықты туралы жазады. Тек 90 жылдан кейін ғана, яғни ХХ ғасырдың 60 жылдарында нағыз субмариндер адамзат игілігіне іске қосыла бастайды. 

4. Несие картиалары 

Несие карталарын ең бірінші пайдаланған – жазушы Эдвард Беллами. Ол өзінің «Кейінге көзқарас» (Взгляд назад) кітабында несие карталары жайында 62 жыл бұрын болжам жасап, жазғанына 1962 жылы жан бітеді. 

5. Әуе жарнамалары

Тағы да Жюль Верн. Жазушының шексіз шабыты мен қиялы ұшақтар арқылы ауада жазуға дейін жетелейді. 1889 жылы әңгімесінде айтылған әуе жарнамалары 1915 жылы Сан-Францискодағы аэрошоумен шынайылықтың сахнасына шықты. 


6. Өздігінен ашылатын есіктер 

Герберт Уэллс автомат есіктерді алғаш «Ұйқыдағы оянғанда» (Когда спящий проснётся) (1899 ж.) романында өзі ашқан болатын. Жазушының қиялына тек 60 жылдан кейін ғана адамзаттың қолы жетті. 

7. Танкілер

Араға бірнеше жылдар салып Уэлсс «Құрлық броненосецтері» (Сухопутные броненосцы) (1903 ж.) атты әңгіме жазады. Оның ойында өмір сүрген танкілер 13 жылдан кейін Бірінші дүниежүзілік соғыста соғыс машинасына айналады. 

А. Оралқызы