- Негізгі бет
- Көкжиек
- Әлемнің әдеби картасы...
Әлемнің әдеби картасы туралы естіп пе едіңіз?
Ресей дегенде ойыңызға алдымен қай кітап келеді? «Соғыс пен бейбітшілік» («Война и мир»). Ал, Ұлыбритания дегенде ше? «Тәкаппарлық пен жаңылыс» («Гордость и предубеждение»), ал Чехия десе «Тұрмыстың адам төзгісіз жеңілдігі» («Невыносимая лёгкость бытия»). Солай емес пе?
Мұны айтып отырған себебіміз, Reddit.com сайтында "Әлемнің әдеби картасы" жарияланды. Мұндай ерекше картаны көпшілік қызу талқыға салды.
Backforward24 есімімен тіркелген қолданушы әр елді бір ғана әдеби шығармамен белгілеген. Бұл картаның танымал болып кетуінен бөлек, ол әдебиетсүйер қауымның көңілінен шықпады. Мысалы, кейбірі Ұлыбритания әдебиетін Джейн Остиннің «Тәкаппарлық пен жаңылыс» туындысымен ғана тану қателік дегенді айтады. Шекспир мен Диккенс қайда? Ал, Отанымыз Қазақстанды, тіпті, қырғыздың ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романымен белгілеген. Бұл – картаны жасаған адамның қателігі.
Бірақ, бір қызығы, аталмыш картаға үңілу арқылы біз әдебиетімен ете таныс емес елдер туралы ақпарат алуға да болады. Мысалы, Румыния. Ол Ливиу Ребряну есімді жазушының «Асылғандар орманы» («Лес повешенных»).
Сонымен, картада не көрсетілгенін бірге тамашалайық:
- Қазақстан – «Ғасырдан да ұзақ күн» («И дольше века длится день»), Шыңғыс Айтматов
- Ресей – «Соғыс пен бейбітшілік» («Война и Мир»), Лев Толстой
- Моңғолия – «Көгілдір аспан» (The Blue Sky), Галсан Чинаг
- Түркия – «Менің атым – қызыл» («Имя мне – красный»), Орхан Памұқ
- Қытай – «Қызыл отаудағы ұйқы» («Сон в красном тереме»), Цао Сюэцинь
- Оңтүстік Корея – «Вегетариан қыз» («Вегетарианка»), Хан Канг
- Үндістан – «Ұсақ-түйектер тәңірі» («Бог мелочей»), Арундати Рой
- Жапония – «Бұрандалы құс хроникасы» («Хроники заводной птицы»), Харуки Мураками
- Беларусь – «Чернобыль дұғасы» («Чернобыльская молитва»), Светлана Алексиевич
- Украина – «Мұздағы пикник» («Пикник на льду»), Андрей Курков
- Чехия – «Тұрмыстың адам төзгісіз жеңілдігі» («Невыносимая лёгкость бытия»), Милан Кундера
- Польша – «Қуыршақ» («Кукла»), Болеслав Прус
- Сербия – «Хазар сөздігі» («Хазарский словарь» ), Милорад Павич
- Венгрия – «Эгер жұлдызы» («Звезда Эгера» ), Геза Гардони
- Румыния – «Орманда асылғандар», ( «Лес повешенных» ), Ливиу Ребряну
- Болгария – «Темір шырақ» («Железный светильник» ), Димитр Талев
- Эстония – «Варгамяэ», Антон Таммсааре
- Норвегия – «Аштық» («Голод» ), Кнут Гамсун
- Дания – «Смилла мен оның қарды сезінуі» («Смилла и её чувство снега» ), Питер Хёг
- Швеция – «Денесінде айдахар бейнесі бар қыз» («Девушка с татуировкой дракона» ), Стиг Ларссон
- Финляндия – «Белгісіз солдат» ( «Неизвестный солдат» ), Вяйнё Линна
- Испания – «Жел көлеңкесі» («Тень ветра» ), Карлос Руис Сафон
- Италия – «Менің данышпан құрбым» («Моя гениальная подруга» ), Элена Ферранте
- Германия – «Түрлену» («Превращение» ), Франц Кафка
- Франция – «Қуылғандар» («Отверженные» ) Виктор Гюго
- Швейцария – «Хайди немесе Таңғажайып алқап» («Хайди, или Волшебная долина»), Йоханна Спири
- Австрия – «Қасиетсіз пенде» («Человек без свойств» ), Роберт Музиль
- АҚШ – «Орманқұсты өлтіру» («Убить пересмешника» ), Харпер Ли
- Канада – «Жасыл Мезониндік Аня» («Аня из Зелёных Мезонинов» ), Люси Мод Монтгомери
- Ұлыбритания – «Тәкаппарлық пен жаңылыс», Джейн Остин
- Ирландия – «Улисс», Джеймс Джойс.
Ал, сіз қалай ойлайсыз? Сіз осындай карта құрастырсаңыз, қай елге қайсы әдеби туындыны белгілер едіңіз?
А. Оралқызы