Ұлылар ұсынған кітап тізімі: Бродский

Ұлылар ұсынған кітап тізімі: Бродский
Фото: vk.com

Құрметті оқырман, алдағы уақытта ұлы тұлғалар оқуға ұсынған кітаптар тізімін жариялап отыратын боламыз. Өз интеллектіңізді арттырып, таным көкжиегіңізді кеңейткіңіз келсе, сіздер үшін арнайы жинақталған тізімдерді жіберіп алмаңыз.

Бүгін біз орыс және америкалық ақын, эссеист, драматург, аудармашы және Нобель сыйлығының иегері Иосиф Бродский тізімін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

1974 жылы Бродский Америкаға барар-бармастан 5 колледждің профессоры атанады. Кейін мұны естіген Маунтин-Холиока университетінің директоры оны өз оқу орнына славистика, яғги, славянтану пәнін жүргізуге шақырады. Бір қызығы, Бродский мектепті 15 жасында тастап кеткен және оның ешқандай да дипломы болмаған.

Ақын ұстаздық қызметке үлкен жауапкершілікпен қараған. Оның сабақ беру тәртібі ерекше болатын. Бродский ешқашан лекция жоспарын дайындап және студенттерге конспект жаздырып көрмеген. Ол бар болғаны өзі білетін, жанына жақын ақындар мен жазушылар туралы әңгімелеп отыратын. Бродскийдің лекцияларында кофе ішуге, тіпті, шылым шегуге де рұқсат етілген.

Ұстаздық қызметі барысында өз көңіліне қаяу түсірер жағдаймен жиі ұшырасып қалатын. Ол америкалық жастардың сауатсыздығы еді. Бір күні ашуға булыққан лектор сабақ беріп отырған жерінен жазу машинкасына «Әркім оқып шығуы тиіс кітаптар тізімі» деген атаумен тізім жасап, студенттер қолына ұстатқан екен.


 Ал, сіз, Бродский ұсынған кітаптардың қаншасын оқыпсыз?

  1. «Бхагавадгита»
  2. «Махабхарата»
  3. «Гильгамеш»
  4. Көне келісім (Ветхий Завет)
  5. Гомер. «Илиада», «Одиссея»
  6. Геродот. «Тарих » (История)
  7. Софокл. Пьесалар
  8. Эсхил. Пьесалар
  9. Еврипид. Пьесалар «Ипполит», «Вакханкалар», «Электра», «Финикиянкалар»
  10. Фукидид. «Пелопоннес соғысының тарихы» (История Пелопоннесской войны)
  11. Платон. «Диалогтар»
  12. Аристотель. «Поэтика», «Физика», «Этика», «Жан туралы» (О душе)
  13. Александриялық поэзия
  14. Лукреций. «Заттардың табиғаты туралы» (О природе вещей)
  15. Плутарх. «Өмірбаян» (Жизнеописания)
  16. Вергилий. «Энеида», «Буколикалар», «Георгикалар»
  17. Тацит. «Анналдар»
  18. Овидий. «Метаморфозалар», «Героидалар», «Махаббат туралы ілім» (Наука любви)
  19. Жаңа келісім (Новый Завет)
  20. Светоний. «Он екі цезарьдың өмірбаяны» (Жизнеописания двенадцати цезарей)
  21. Марк Аврелий
  22. Катулл
  23. Гораций
  24. Эпиктет
  25. Аристофан
  26. Элиан. «Шұбар оқиғалар» (Пестрые истории), «Жануарлар табиғаты туралы» (О природе животных)
  27. Аполлодор. «Аргонавтика»
  28. Пселл. «Византия билеушілерінің өмірбаяны» (Жизнеописание правителей Византии)
  29. Гиббон. «Рим империясының құлдырауы мен ыдырау тарихы»  (История упадка и разрушения Римской империи)
  30. Плотин. «Эннеадалар»
  31. Евсевий. «Шіркеу тарихы» (Церковная история)
  32. Боэций. «Философиямен жұбату туралы» (Об утешении философией)
  33. Кіші Плиний. «Хаттар» (Письма)
  34. Византиялық өлеңмен жазылған романдар  (Византийские стихотворные романы)
  35. Гераклит. «Фрагменттер»
  36. Августин. «Тәубе» (Исповедь)
  37. Фома Аквинский. «Summa Theolo qica»
  38. Св. Франциск. «Гүлдер» (Цветочки)
  39. Никколо Макиавелли. «Тақсыр» (Государь)
  40. Данте. «Құдіретті комедия» (Божественная комедия)
  41. Франко Сакети. Новеллалар
  42. Исландиялық ертегілер (Исландские саги)
  43. Шекспир. «Антоний мен Клеопатра», «Гамлет», «Макбет», «Генрих V»
  44. Рабле
  45. Бэкон
  46. Мартин Лютер
  47. Кальвин
  48. Монтень. «Тәжірибелер» (Опыты)
  49. Сервантес. «Дон Кихот»
  50. Декарт
  51. «Роланда туралы жыр» (Песнь о Роланде)
  52. «Беовульф»
  53. Бенвенуто Челлини
  54. Генри Адамс. «Генри Адамс тәрбиесі» (Воспитание Генри Адамса)
  55. Гоббс. «Левиафан»
  56. Паскаль. «Ойлар» (Мысли)
  57. Мильтон. «Жоғалған жұмақ» (Потерянный рай)
  58. Джон Донн, Эндрю Марвелл, Джордж Херберт, Ричард Крошоу
  59. Спиноза. «Трактаттар»
  60. Стендаль. «Пармдық пана» (Пармская обитель), «Қызыл мен қара» (Красное и черное), «Анри Брюлар өмірі» (Жизнь Анри Брюлара)
  61. Свифт. «Гулливер саяхаты» (Путешествие Гулливера)
  62. Лоренс Стерн. «Тристрам Шэнди»
  63. Шодерло де Лакло. «Қауіпті байланыстар»  (Опасные связи)
  64. Монтескье. «Парсылық жазбалар» (Персидские письма)
  65. Локк. «Билік туралы екінші трактат» (Второй трактат о правительстве)
  66. Адам Смит. «Ұлттың әл-ауқаты» (Благосостояние наций)
  67. Лейбниц
  68. Юм
  69. Федералистер жазбалары (Тексты федералистов)
  70. Кант. «Парасат сыны» (Критика чистого разума)
  71. Кьеркегор. «Қорқыныш пен діріл» (Страх и трепет), «Не-не» (Или-или), «Философиялық фрагменттер» (Философские фрагменты)
  72. Достоевский. «Жер астындағы жазбалар» (Записки из подполья), «Сайтандар» (Бесы)
  73. Гете. «Фауст», «Италиялық саяхат» (Итальянское путешествие)
  74. Токвиль. «Америкадағы демократтар туралы» (О демократии в Америке)
  75. Де Кюстин. «Біздің заманымыздың саяхаттары (Патша империясы)» (Путешествие наших дней (Империя царя)
  76. Эрик Ауэрбах. «Мимезис»
  77. Прескотт. «Мексиканы жаулау» (Завоевание Мексики)
  78. Октавио Пас. «Жалғыздық лабиринттері» (Лабиринты одиночества)
  79. Карл Поппер. «Ғылыми ашу логикасы» (Логика научного открытия), «Ашық қоғам мен оның жаулары» (Открытое общество и его враги)
  80. Элиас Канетти. «Үйір мен билік» (Толпа и власть)
А. Оралқызы